Триатлон додасы Қапшағайда!

26 April 2021

2021 жылдың 1-2 мамырында Алматы жанындағы Қапшағай су қоймасында Қазақстанның спорттық өіміріндегі екі маңызды іс-шара өткізілмек: триатлоннан ҚР Кубогы мен «TEMIRADAM» Кубогының І кезеңдері.

Сайыстартдың мақсаттары мен міндеттері:

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- Қазақстан Республикасында триатлонды дамыту мен танымал ету;

- балалар-жасөмпірімдер спортын дамыту;

- ҚР ұлттық құрамасын қалыптастыру мақсатында мықты спортшыларды анықтау;

- спорт төрешілері, бапкерлер мен спортшылардың шеберлік әрі біліктілік деңгейлерін арттыру.

Сайыс бағдарламасы

1 мамырда Elite санатындағы триатлоншылар арасында 750 м жүзу, 20 км велосайыс пен 5 км жүгіруден құралатын спринт қашықтығында медальдар комплекті ойнатылады.

2 мамырда «TEMIRADAM» Кубогының І кезеңінде Age Group (18 жастан жоғары) санатындағы спортшылар додаға түспек. Сайыс спринтерлік қашықтықта болады.

Өткізілетін орны: Алматы облысы, Қапшағай су қоймасы, Ривьера демалыс аймағы (оң жағалау, Рауан ы/а).

Басталуы: 08:00.

Сайыстың бас төрешісі: Михаил Кузнецов

Чемпионат ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитеті, Ұлттық Олимпиадалық Комитет, Қазақстандық Триатлон Федерациясы, Almaty Triathlon Federation, Алматы облысының әкімдігі.

Қолдау көрсеткендер: АҚ «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», Спорт қоры, Eurasian Resources Group компаниялар тобы және “Samruk Kazyna Trust” Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

 

 

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi