Үлкен триатлон Алакөлде
11–12 маусымда Ақши ауылы мен Алматы облысының тұрғындары өз жеріндегі триатлон сайысына қатысуға мүмкіндік алады. Бұл ауылда ERG компаниялар тобының қолдауымен аймақтың спорт тарихындағы алғаш рет республикалық триатлон сайыстары өткізілмек.
Сенбіде сайыс алаңына ҚР чемпионатының қатысушылары U17, U23 және Elite санатындағы спортшылар шықпақ. Сайыс күнінің кульминациясы паратриатлон ұлттық біріншілігі болмақ. Бұл додаға PTVI 1–3 санатындағы спортшылар (нашар көретін не көру қабілетінен айырылған) 750 м жүзу, 20 км велосайыс пен 5 км жүгіруден тұратын спринт қашықтығында сынға түспек. .
Жексенбіде пара триатлоншылар жүріп өткен жолда TEMIRADAM Кубогының сайыскерлері бақ сынайды. Сайыстарға барлығы 120 спортшы қатысады деп күтілуде.
«Қазақстандық триатлон сайыстарының географиясы тағы бір аймаққа кеңейді. Бұл бірегей Алакөл болмақ. Алакөл — қарақұмды жағажайы бар әлемдегі жалғыз көл екендігін әрі суының емдік қасиеті бар екендігін бәріміз білеміз. Сайыскерлер спорт мерекесінен жағымды жмоциялар алып қана қоймай, көлдің бірегейлігіне көз жеткізеді деген ойдамын. Командамыз Талдықорғанда жоспарланған паратриатлон біріншілігін Алакөлге көшіру туралы шешімді бір ауыздан қабылдады. Мұндай ауқымды спорттық іс-шараның өтуі аймақтың туристтік және әлеуметтік-мәдени дамуына жағымды әсер етеріне сенімдімін», — деп пікір білдірді ҚТФ спорт директоры Сергей Майер.
Шаралар жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00 басталады. Алакөл сайысына қатысып, ісем жағажайда рахаттана сайысуға әлі де мүмкіндіктеріңіз бар: сайысқа тіркелу www.temiradam.com сайтында жалғасуда.