Нұр-Сұлтанда жоспарланған триатлоннан Азия чемпионаты болмайды

5 August 2021

3-5 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда жоспарланған U19, U23 және Mixed Relay санаттары арасында жоспарланған триатлоннан Азия чемпионаты болмайды. Мұндай шешім Қазақстандағы коронавирустың таралуы салдарынан туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданған. Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің 29.07.2021 жылғы №33 Қаулысында көрсетілген талаптарды орындау жолында астанада жоспарланған триатлоннан Азия чемпионаты болмайды. Сонымен қатар, 5 қыркүйекке жоспарланған САТА кубогының екінші кезеңі де кейінге қалдырылды.

COVID-19 кесірінен әлемде туындап отырған қиын жағдайда маусымның ең көп күткен сайысының болмайтындығы барша триатлон жанкүйерлеріне ұнамасын мойындаймыз. Алайда еліміздегі жағдай бұл жылы сайысты болдырпауға мәжбүрлеп отыр. Келер жылы COVID-19  мәселесі оңтайлы шешімін тауып, сайыстар күнтізбеміздегі жаңа беделді додаларға бірге қуанамыз деген үміттеміз.  

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi