Туркестанда триатлон және дуатлон бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары өтті

20 May 2025

15–19 мамыр аралығында Туркестан қаласында триатлон (спринт) бойынша Elite, U23, U19, U17 жас санаттарында және дуатлон (супер-спринт) бойынша U15, U13 санаттарында Қазақстан Республикасының чемпионаттары өтті.

Жарысқа еліміздің үздік спортшылары қатысып, барлық жас ерекшеліктері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Elite санатында ерлер арасында Егор Крупяков (Алматы) жеңіске жетсе, әйелдер арасында Диана Ержанова (Астана) чемпион атанды.

Барлық қатысушыларды жақсы нәтижелерімен, ал жүлдегерлерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Спортшыларды жоғары деңгейде дайындаған жаттықтырушыларға алғыс білдіреміз.

 


Saıystar kúntizbesi