Дарын Қонысбаев — Asia Triathlon Cup Cholpon-Ata 2026 жеңімпазы

12 September 2026

12 қыркүйекте Чолпон-Атада (Қырғызстан) Asia Triathlon Cup Cholpon-Ata 2026 халықаралық жарысының Elite санатындағы кезеңі өтті. Спортшылар спринттік қашықтықта сынға түсті: 750 метр жүзу, 20 шақырым веложарыс және 5 шақырым жүгіру.

Қазақстандық триатлоншы Дарын Қонысбаев 1:00:49 нәтижесімен жарыста жеңіске жетті.

Жүзу — 9:50
Веложарыс — 34:14
Жүгіру — 15:20

Жарыстағы бәсеке өте тартысты өтті. Екінші орын алған Григорий Антипов Дарыннан небәрі 12 секундқа қалып, 1:01:01 нәтижесін көрсетті. Үшінші орынға Алексей Петровский ие болды — 1:01:17.

Жарыстың үздік үштігі:

Дарын Қонысбаев  — 1:00:49
Григорий Антипов  — 1:01:01
Алексей Петровский  — 1:01:17

Дарын Қонысбаев халықаралық додада алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан қоржынына кезекті жеңісті қосты. 

 


Saıystar kúntizbesi