Дарын Қонысбаев 2025 Asia Triathlon Cup Subic Bay жарысында екінші орын иеленді

3 May 2025

2025 жылғы 3 мамырда Филиппиннің Субик-Бей қаласында өткен беделді 2025 Asia Triathlon Cup Subic Bay турнирінде қазақстандық спортшы Дарын Қонысбаев тамаша нәтиже көрсетіп, ELITE – MEN санатында құрметті екінші орынды иеленді.

 

Жарыс жеңімпазы, жапониялық Такуто Ошима мәреге 1:50:25 уақыт көрсеткішімен жетті. Ал қазақстандық Дарын Конысбаев жарысты 1:50:52 нәтижесімен аяқтады.

 

Осылайша, Дарын жеңімпаздан небәрі 27 секундқа қалып қойды. Оның кезеңдер бойынша нәтижелері:

• Жүзу (Swim): 00:19:08

• Транзит аймағы 1 (T1): 00:00:43

• Веложарыс (Bike): 00:59:13

• Транзит аймағы 2 (T2): 00:00:47

• Жүгіру (Run): 00:31:02

 

Дарынды осы кезекті жетістігімен құттықтаймыз!

 

Қазақстан триатлон федерациясы жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаздарын шын жүректен құттықтайды, сондай-ақ спортшыларымызды жоғары деңгейде дайындаған жаттықтырушылар құрамына алғыс білдіреді.

 

Жаттықтырушылар:

• Алимбаев Дандыбай

• Глущенко Андрей

 


Saıystar kúntizbesi