Өскеменде «TEMIRADAM» Кубогінің Х кезеңі өтті

18 August 2019

Бүгін Өскемен Age Group санатындағы спортшылар арасында «спринт» қашықтығында триатлоннан «TEMIRADAM» Кубогінің Х кезеңін қабылдады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Мәскеу, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 21 әуесқой спортшы «TEMIRADAM» Кубогінің оныншы кезеңінің жеңімпазы атану үшін сынға түсті.

Ауа-райы қатысушылардың жоспарларына өз үлесін тигізді – термометрлер +24°С көрсетсе, су температурасы +18°С болып, велокезеңде оң жақтан соққан жел қашықтықты қиындата түсті. Түрлі себептерге қарамастан, барлық қатысушылар мәреге сәтті жетті.

Бүгінгі сайыс күнінде сөре сызығына алғашқы болып U17 санатындағы спортшылар шықты. Олар Гундерсен жүйесі бойынша «супер-спринт» қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогі финалының жаңімпазын анықтауды мақсат тұтты. Жүзу кезеңін алғашқы болып, жалпы сайыста бағы озған Александр Тен (Алматы) аяқтады. Ол 350 жүзу, 8 км веложарыс пен 2 км жүгіру кезеңдерінен құралатын қашықтықта екі рет қатарынан бірінші бола білді. Қорытынды уақыты – 28 минут 50 секунд. 31 минут 21 секунд нәтиже көрсеткен алматылық Егор Крупяков екінші болса, 31 минут 27 секунд уақытымен Елдар Шекербек (Алматы) үштікті тұйықтады.

Осы санаттағы қыздар арасында 37 минут 57 секунд нәтиже көрсеткен Виктория Бабина (ВКО) болды. 39 минут 24 секунд уақыт көрсеткен оның жерлесі Лисана Савченко екінші атанды. Жеңімпаз қызға 6 минут жеңілген Арина Ариф (ВКО) қола жүлдеге лайық деп танылды. Бірінші жарыс күнінен кейін кәсіпқойлардың фавориттері анық болса, әуесқойлар сайысы додалы әрі қызықты өтті.

Астаналық триатлет Шыңғыс Риаханов жүзу кезеңінің 300 метрінен кейін көштің басын қолына алды. Ол 750 метрлік жүзу кезеңін 13 минут 20 секундта бағындырды. Әйтсе де, Шыңғыс көштің басын доданың аяғына дейін ұстап тұра алмады. Веложарыс кезінде әйгілі әрі бұрынғы кәсіби велошабандоз Александр Дымовских атты павлодарлық спортшыға дол берді. Дымовских велокезеңде жүзу кезеңінде үздік болған Риахановтан 2 минуты жеңіп алып, үздік жүгіру уақытын көрсетті де, жеке абсолютті есепте жеңімпаз атанды. Оның уақыты – 1 сағат 10 минут және 29 секунд.

Әйелдер арасындағы жеке есепте Павлодар облысынан келген Александр Дымовскихтің жолдасы  1 сағат 10 минут 29 секунд нәтиже көрсеткен Светлана Дымовских абсолютті жеңімпаз деп танылды. С. Дымовских 17 минут 32 секундта жүзу кезеңін бірінші үздік 10 еркек спортшылар қатарында тәмамдағанын ерекше атап өткен жөн. Әуесқойлық триатлонда лағаш сайысқа түскен Светлана үшін керемет нәтиже деп сенімді айта аламыз.

Картадағы келесі аялдамыз Павлодар қаласы болмақ. Мұнда 24-25 тамызда маусымның финал алды жарысы стандартты қашықтықтағы триатлоннан ҚР Чемпионаты өткізілмек. «TEMIRADAM» Кубогінің финалы 21-22 қыркүйекте ASTC Aktau Triathlon Asian Cup атты триатлоннан Азия кубогі аясында өтеді.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi