BI Group Ironman 70.3 Astana сайысына екі күн қалды
2019 жылғы 14 шілдеде Орталық Азия мен ТМД елдерінің аумағында және Нұр-Сұлтан қаласында екінші мәрте триатлон бойынша жылдың көптен күткен оқиғасы – BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA өтеді.
14 шілдеде әлемнің 50 елінен 1400 астам триатлет, олардың арасында Pro санаттағы 20 атлет жарысқа шығады. Оның ішінде: олимпиада чемпионы – Александр Винокуров, зағип және көру қабілеті нашар адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған «Шекарасыз спорт» әлеуметтік жобасының қатысушылары және басқа да көптеген әуесқойлар қатысады.
«Біз бұл іс-шараға ұзақ дайындалдық және де бұл жарыстың былтырғы жарыспен салыстырғанда сәттілігі кем болмайтынына сенімдіміз. Биылғы жылы біз велосипед және жүгіру кезеңінің бағдарларына біршама өзгерістер енгіздік, Pro санаттағы спортшыларды шақырдық және де, әрине, өскелең ұрпақты назардан тыс қалдырмадық – олар үшін 3 қашықтықтағы балалар жүгірісін дайындадық» - деп бөлісті жарыс директоры Сергей Бодров. Старт ұйымдастырушыларының айтуынша, BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA жоспарланған кезде барлық халықаралық стандарттар есепке алынды, сондықтан іс-шара спортшылар мен жанкүйерлер үшін барынша жайлы болып өтеді. Осы басты мақсатпен қонақтарға арналған ойын-сауық шаралары әзірленді, жолдарды жабу бойынша жоспарлар пысықталды, серіктестер мен демеушілер жұмылдырылды.
14 шілдеде BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA жарысы өткізілген кезде астанада келесі бағдарлар бойынша автокөлік қозғалысын ішінара шектеу ұйымдастырылады:
Cағат 03:00-ден 13:00-ге дейін – Б. Момышұлы даңғылынан бастап Тоқпанов көшесі бойымен Сарайшық көшесіне дейін жолдың екі жолағы.
Cағат 03:00-ден 13:00-ге дейін – Сарайшық көшесі бойымен Б. Момышұлы даңғылынан бастап Марал көпіріне дейін жолдың екі жолағы.
Сағат 03:00-ден 16:00-ге дейін – Марал көпірі Шарль де Голль көшесі бойымен жолдың екі жолағы екі жаққа.
Сағат 03:00-ден 13:00-ге дейін – Мақатаев көшесі бойымен Марал көпірінен бастап Керей мен Жәнібек хандар көшесіне дейін – толықтай жабу.
Сағат 03:00-ден13:00-ге дейін – Аңырақай көшесі бойымен Керей мен Жәнібек хандар көшесінен бастап Оңтүстік айналма жолға дейін – толықтай жабу.
Сағат 03:00-ден 13:00-ге дейін – Оңтүстік айналма жолы бойымен Нұр-Сұлтан – Қарағанды тас жолынан бастап әуежайға дейін жолдың екі жолағы, тасжолдың ішкі бөлігі.
Астананың тұрғындары мен қонақтарын көңіл күйді көтеруге және биылғы жылдың ең көріністік жарысында спортшыларды қолдауғашақырамыз!