Егор Крупяков Қытайда өткен Азия кубогының күміс жүлдегері атанды

31 October 2026

2026 жылғы 31 қазанда Қытайдың Чунцин қаласында триатлоннан Asia Triathlon Cup Chongqing 2026 — Азия кубогының кезеңі өтті.

Қазақстандық триатлоншы Егор Крупяков M-Elite санатында күміс жүлдеге ие болып, жарысты 1:55:00 нәтижесімен аяқтады.

Жарыс жеңімпазы ресейлік Павел Сорокин 1:54:06 нәтижесін көрсетті. Егор жеңімпаздан 54 секундқа қалып қойды. Үшінші орынды Қытай өкілі Любо Чжан 1:55:01 нәтижесімен иеленді.

Егор Крупяковтың кезеңдер бойынша нәтижелері:

Жүзу (1,5 км) — 18:20
Велокезең (40 км) — 1:01:38
Жүгіру (10 км) — 32:59

Жалпы уақыты — 1:55:00.

Жарысқа 20 елден 100-ден астам спортшы қатысты. Олар: Австралия, Үндістан, Ирландия, Иордания, Канада, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Молдова, Жаңа Зеландия, Румыния, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Филиппин, Франция, Швейцария, Оңтүстік Корея және Жапония.

Егор Крупяковтың күміс жүлдесі Қазақстан құрамасының халықаралық аренадағы лайықты жетістіктерінің бірі болды.

Спортшы мен жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз!


Saıystar kúntizbesi