Нұр-Сұлтанда Қазақстандық Триатлон Федерациясының жыл сайынғы Конгрессі өтті

20 December 2019

Бүгін Назарбаев Университетінің қабырғасында Қазақстандық Триатлон Федерациясының жыл сайынғы Конгрессі өтті.

Кезекті Конгресс жұмысы екі бөлімнен тұрды: федерацияның профильді комитеттерінің жиналысы мен ресми бөлім. Комитеттердің жұмысы барысында комитет басшыларының жылдық есептері тыңдалды, аймақтық триатлон федерацияларының ұсыныстары қарастырылып, талқыға салынды. Комитеттер жұмысының нәтижесінде ҚТФ сайыстар күнтізбесі бекітіліп, келер олимпиадалық жылдағы негізгі даму бағыттары айқындалды. Конгресс жұмысының соңында жыл қорытындылары шығарылып, ерекше көзге түскен спортшылар мен бапкерлердің жұмысына баға берілді.

«Үздік жас спортшы» номинациясында Кенджуда (Оңтүстік Корея) өткен Азия чемпионатының U15 санатындағы жеңімпазы Александр Тен (Алматы) марапатталды. «Жыл бапкері» атағы Ақмола облысының триатлоннан бас бапкері Юрий Соловьевке берілді. «Қарқынды дамып келетін аймақтық федерация» арнайы кубогі Павлодар облыстық триатлон федерациясына табысталды. Арнайы комиссияның жоғары бағасына алған  Almaty Triathlon Federation биыл екінші рет «Жыл федерациясы» атанды. Триатлонды Қазақстан Республикасында дамыту мен танымал ету ісіне қосқан ерекше үлесі үшін BI Group компаниясы марапатталды.

Сонымен қатар, ҚТФ ресми сайтында жүргізілген ашық дауыс берудің жеңімпаздары да марапатталды. Дауыс берушілердің 60.1% дауысын жинаған Кенджуда өткен Азия Чемпионатында U23 санатында алтын алған Дарын Қонысбаев (Нұр-Сұлтан) «Жыл спортшысы» болды. «TEMIRADAM» Кубогінің V кезеңін ұйымдатсыруда үлес қосқан Ақтөбе облыстық триатлон Федерациясына «Жыл сайысы» кубогі табысталды. Ақтөбедегі алғашқы сайыс 40% дауыс жинады.

2019 жылғы «TEMIRADAM» Кубогінің жеңімпаздары жарияланды: Александр Хитров (Павлодар облысы) – М25-29 санаты, Азамат Мұратқали (Нұр-Сұлтан) – М30-34 санаты, Алексей Куцев (Мәскеу) – М35-39 санаты, Асель Садвокасова (Нұр-Сұлтан) – F35-39 санаты, Владислав Копбосунов (Алматы) – М45-49 санаты, Бақытжан Бектенов (Алматы облысы) – М55-59 санаты. Барлық чемпиондарға арнайы кубок пен 2020 жылы тамызда болатын BI Group Ironman Kazakhstan сайысына қатысуға тегін жолдама табысталды.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi