Ақтауда триатлоннан жылдың ақтық сайыстары болады!
22 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында ақмаржан Ақтауда триатлоннан Қазақстан Республикасы ұлттық біріншілігінің ақтық сайыстары өтеді. Elite (кәсіпқойлар) санатындағы спортшылар ҚР Чемпионаты аясында сайысатын болса, Age Group (әуесқойлар) санатындағы спортшылар «TEMIRADAM» Кубогі финалының жеңімпаздарын анықтайтын болады.
Барлық спортшылар «half-iron» (жартылай темір) деп аталып кеткен 1900 м жүзуден, 90 км велодода және 21 км жүгіруден құралатын «орташа» қашықтықты – бағындырмақ. Қазақстанның түрлі аймақтары мен алыс-жақын шет елден келген 130-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
Сайыс «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің, Ақтау қаласы әкімдігінің және BI Group компаниясының қолдауымен өткізілмек.
Сайыс ұйымдастырушысы: Маңғыстау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстандық Триатлон Федерациясы.
Ақпараттық қолдау: Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комитеті, Vesti.kz, WE project Media.
Сайыс бағдарламасы
Күні |
Уақыты |
Іс-шара |
22 қыркүйек |
06.00 сағ. |
Транизиттік зонаның ашылуы/ Elite, Age Group санаттарындағы спортшылар жаттығуының басталуы |
06.45 сағ. |
Транзиттік зонаның жабылуы/ Elite, Age Group санаттарындағы спортшылар жаттығуының аяқталуы |
|
06.50 сағ. |
Elite, Age Group санатындағы спортшыларды таныстыру |
|
07.00 сағ. |
Elite санатындағы ерлер жарысының басталуы |
|
07.05 сағ. |
Elite санатындағы әйелдер жарысының басталуы |
|
07.10 сағ. |
Age Group санатындағы спортшылар жарысының басталуы |
|
15.40 сағ. |
Мәре |
|
16.00 сағ. |
Марапаттау рәсімі |
Анықтама
Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі.
«TEMIRADAM» Кубогі – халық арасында триатлонды дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқой) спортшылар арасында өткізілетін ұлттық турнир.
Байланыс
«Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ
010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 208 кеңсе
Веб-сайт: www.triathlon.org.kz
+7 705 306 77 11