Флора Даффи Токиодағы додада жеңіске жетті

27 July 2021

Бүгін, 27 шілдеде, Токиода триатлоннан Олимпиада додасының екінші медальдар жинағы ойнатылды. Сайысқа әлемнің отыз елінен келген Elite санатындағы 54 әйел спортшы қатысты.

Сайыс тайфун салдарынан он бес минутқа кеш басталды. Бірнеше сағат бұрын құйып өткен жаңбыр, аптап ыстық пен ылғал ауа райы маусымның басты додасындағы бәсекені ұлғайта түсті.

Өте күрделі велокезеңде және жүгіруде басым түсіп, бәсекелі додада Бермуд аралдарының тумасы Флора Даффи жеңіске лайық шеберлік танытты. Даффи 1 саға 55 минут 36 секунд нәтиже көрсетіп чемпион атанды. Отыз үш жасар спортшы үшін бұл төртінші Олимпиада болатын: Пекиндегі ойындарда ол мәреге жете алмаған, Лондондағы додада 45-орыннан көрінсе, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода сегізінші болған. Даффи Бермуд аралдарының тарихянда алғаш рет олимпиада чемпионы атанып отыр.

«Мен бала кезімде алғаш рет триатлон сайыстарына қатысқан сәттен бастап Олимпиада чемпионы атануды армандадым» , - деді Даффи жеңістен соң. «Олимпиадаға фавориттердің бірі болып келдім, қысымды да, үміт те көп болды. Оның үстіне, мен көптеген жылдардан бері Бермуд аралдарының Олимпиадада медаль ұтады деген бірден бір үміт артқан спортшысы болдым. Бұл жеңісті бәрінен бұрын елім үшін жеңу керек болды. Қатты қобалжып тұрмын! Бұл — ерекше сәт, керемет сезімдер!»

Екінші орынды 1 сағат 56 минут 50 секунд уақыт көрсеткен британдық Джорджия Тейлор-Браун иеленсе, үшінші болып мәреге 1 сағат 57 минут 03 секундта жеткен американдық Кэти Заферес жетті.

Үздік бестіктің қатарына нидерландық Рейчел Клеймер (1 сағат 57 минут 48 секунд) пен француздық Леони Перио (1 сағат 57 минут 49 секунд) кірді.

Доданы барлық сайыскерлер аяқтай алмағандығын атап өткен жөн: тек 34 спортшы ғана мәре сызығына жеткен. 31 шілдеде аралас эстафета командалары арасында сайыс өткізіледі.

Дереккөз: www.triathlon.org


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi