Түркістан облысында дуатлоннан «TEMIRADAM» Кубогінің І кезеңі өтті

28 April 2019

Бүгін Түркістан облысында еліміздің аймақтарында триатлонды дамыту мақсатында Age Group санатындағы спортшылар арасында «спринт» қашықтығында дуатлоннан «TEMIRADAM» Кубогінің І кезеңі өтті. Жарыста тәжірибелі спортшылармен қатар, сөреге бірінші шыққандары да болды. Әсіресе, енді танымал болып келе жатқан Түркістан аймағының тумалары додаға түсіп, бізді бір қуантты.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сонымен қатар, Қарағанды, Алматы, Павлодар және Түркістан облыстарынан келген 25 әуесқой спортшылар үшін бұл сайыс айрықша болды. Себебі, олар жергілікті трассаны алғаш рет сынап көрген еді. Ал сұлу табиғат пен +20С жылы ауа райы сайысты одан да әсерлі ете түсті.

Жарыс күнінің қорытындысы бойынша М40-44 жас санатында сайысқан алматылық спортшы Максим Мазур үздік болып танылды. Ол «спринтерлік» қашықтықты 1 сағат 2 минут 49 секундта бағындыра білді. Оған үш минуттай жеңілген кентаулық Ардашер Захитдинов мәреге екінші келді. Нәтижесі – 1 сағат 5 минут 6 секунд. «Абсолюттік» есепте үздік үштікті 1 сағат 9 минут 54 секунд нәтиже көрсеткен Денис Гордиенко тұйықтады.

А әйелдер санатында сайыс шиеленіссіз өтті, себебі, кентаулық дуатлонды бағындыруға тек екі ғана әйел спортшы шыққан еді. Сайыс күнінің үздік уақыты шымкенттік Милана Романовада – 1 сағат 30 минут 43 секунд. Ал қызылордалық Қаракөз Кизатова 1 сағат 47 минут 27 секундта мәреге жетті. Аты аталған спортшылардың барлығы да өз жас санатында бірінші орындарға иеленгендерін ата кеткен жөн.

Сайыс нәтижелерімен www.triathlon.org.kz сайтында танысуға болады.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi