IRONMАN Austria: Тутукиннің салтанатты жеңісі

3 July 2022

Қазақстандық триатлон бүгін біздің спортшы Иван Тутукиннің жеңісін тойлауда.

Бүгін Австриядағы трассада отандық триатлон тарихында алғаш рет PRO санатында жеңімпаз подиумын біздің спортшы алды. Бұл трассада Виктор Земцев, Андреас Райлерт, Марино Ванхонакер, Иван Ранья, Даниела Риф, Миранда Кэрфрай сияқты атақты триатлеттер бас жүлдегерлер боп атанды.

Тутукиннің жүлде қоржынында - бұл толық темір қашықтықтағы алғашқы жеңіс.

Иван Тутукин триатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Кәсіби мансабы барысында триатлет Ресей чемпионы (2007 - эстафета; 2016 - ұзақ қашықтық), күміс (2007, 2008 - классика; 2015 - аралас эстафета; 2016 - спринт) және қола (2014 - эстафета) Ресей ұлттық біріншіліктерінің жүлдегері атанды.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi