Азия триатлоны үшін тарихи оқиға – САТА Екінші конгрессі
Бүгін Алматыда азиялық триатлон үшін тарихи оқиға болды. Құрамына Қырғыз Республикасының, Өзбекстан мен Қазақстанның ұлттық федерациялары кіретін Орта Азиялық Триатлон Ассщциациясының Екінші конгрессі өтті.
САТА президенті Ғалымжан Есеновтің басшылығымен өткен конгресс отырысына Өзбекстан триатлон Федерациясының бірінші вице-президенті Фаррух Насыров, Қырғыз Республикаы триатлон Федерациясының президенті Чынгыз Алканов және САТА бас хатшысы Максим Крят қатысты. Сонымен қатар, конгресске өзге де қонақтар шақырылды. Олардың қатарында Иран Ислам Республикасы триатлон Федерациясының президенті Махди Гаудзари (Mahdi Goudzari) және Ауғанстан ұлттық триатлон Федерациясының спорт сұрақтары бойынша орынбасары Насер Ахмади (Naser Ahmadi) болды.
Жиын соңында жақын арада атқарылуы тиіс жұмыстар анықталып, нақты міндеттермен қоса ұйымның болашақтағы жұмы бағытын анықтайтын бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.
Ассоциация Орта-Азиялық аймақты триатлонның даму деңгейі мен танымалдығы жағынан Азия құрлығындағы көшбасшыға айналдыруды жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа жету үшін: бүкіл медиа-кеңістікте САТА қызметін толыққанды жария ету, нормативті-құқықтық базасын қалыптасыру, САТА құрамына кіретін елдердегі триатлонмен айналысатын халық санын 1% дейін арттыру, және де әлемнің үздік 30 азианың үздік 5 спортшылары қатарына кіретін кәсіби паратриатлеттері мен триатлеттерін дайындау.
Конгресс мүшелерінің бірауыздан дауыс беріп Иран және Ауғанстан триатлон федерацияларының САТА құрамына қабылдануын маңызды шешім деп айтуға болады. Сонымен бірге Фаррух Насыров САТА вице-президенті, Чынгыз Алканов САТА бас вице-президенті болып бірауыздан сайланды. Делегаттар бірлесе отырып Медиа комитетінің, Сайыс өткізу комитетінің, Құқық комитетінің және Паратриатлон комитетінің құрылуына дауыс берді. Жаңадан құрылған комитеттердің жұмысының бастамасы ретінде САТА-ның ресми веб-сайты домені бекітілді - www.catatriathlon.org.
Конгресс жұмысының ең маңызды шешімі деп, САТА бастамасымен алғашқы сайыстардың өткізілу күндерінің белгіленуі болды. Бірінші сайыс 2019 жылдың 5 қазанында өткізіледі деп жоспарланды. Бұл сайыстың ерекшелігі оның трансұлттық болуында, яғни дода Шымкентте 1,1 км жүзуден басталып, Өзбекстанның астанасына қарай 121 км велошерумен жалғасады да Ташкент көшелерімен 11 км жүгірумен аяқталады.
Делегаттардың айтуынша, мұндай шешім Өзбекстандағы Қазақстан жылы болуымен байланысты қабылданған. САТА-ның бастамасымен бірінші паратриатлон сайысы Ақтаудағы Азия Кубогі аясында 22 қыркүйекте өткізіледі деп жоспарланды.
Ауқымды тарихи іс-шараларға тіркелу жуырда САТА-ның ресми сайтында қолжетімді болмақ.