Аймақтардың жұмыс нәтижесі – Сәуір

10 May 2019

Аймақтық триатлон федерациялары Қазақстан аймақтарында триатлонды дамыту мен танымал етуге бағытталған жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Сәуір айында бірнеше ауқымды іс-шаралар өткізілген-ді. Мәселен, 27-28 сәуірде алғаш рет Түркістан облысының Кентау қаласында орналасқан Қошқорған су қоймасының жағалайында екі күнге созылған тарихи жарыстар – триатлоннан Қазақстан Республикасы кубогінің І кезеңі мен дуатлоннан “TEMIRADAM” кубогінің І кезеңі өткізілді. Бұл сайыстар бұл аймақта бірінші рет өткізілуіне орай тарихи деген атаққа ие болды.

Дәстүрлі түрде қызу жұмыстар оңтүстік астанамызда жүргізіліп жатыр. 13 сәуірде Almaty Triathlon Federation әуесқой спортшыларға арналған «Триатлондағы велодайындық» атты вебинар өткізді. Спикер ретінде триатлоннан Азия кубогінің екі дүркін жеңімпазы Аслан Абдрахманов сөз сөйледі. Өткізілген вебинар нәтижесінде 140 астам әуесқой споротшылар қатысып, келесі семинарларға өздері қызығушылық танытып, көптеген жан-жақты тақырыптар талқылауға ұсынылды.

Сонымен қатар, ATF Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында 19-20 сәуірде өткізілген Спорт жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңке қонақтары көптеген қызықты презентациялар тамашалумен қатар, қаланың алдыңғы қатарлы спорт клубтарының жаттықтырушылары мен федерация бапкерлерінен кәсіби кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Оңтүстік астанамыздағы әріптестеріміз өздерінің брендтелген өнімдерін таныстыруымен қатар, триатлон жарыстарына қатысу туралы ақпарат таратумен айналысты.

7 сәуірде Нұр-Сұлтан қалалық триатлон федерациясының балалар және ересектер тобындағы спортшылар плоггингте – жүгіруден жаттыға жүріп, Триатлон паркінің территориясын қоқыстан тазарту акциясында белсене ат салысты. Бірнеше күн өтісімен, астаналық әріптестеріміз «Мен мықтымын! Менің қолымнан келеді!» атты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнап сайыс ұйымдастырды. Әлеуметтік адаптация орталығының тәрбиеленушілері өткізген жүгіру жарыстары мен эстафеталық ойындарда өз күштерін көрсете білді.

Ал Ақмола облыстық триатлон федерациясының спортшылары Кипрдағы оқу-жаттығу жиынында жүріп Cyprus Paphos Triathlon 2019 жарыстарына қатысты. Мұнда Аян Бейсенбаев пен Дэнис Туницкий Elite және Junior санаттарында абсолютті жеңімпаздар атанды. Сонымен қатар, Темирлан Темиров пен Меирлан Искаков Непал мен Тунисте өткен халықаралық сайыстарда додаға түсті. Pokhara NTT ASTC Sprint Triathlon Asian Cup құрлықтық кубок кезеңінде Темирлан Темиров 55 минут 12 секунд нәтижесімен 4-орыннан көрінсе, Меирлан Искаков 55 минут 26 секундта мәреге 6-шы болып жетті. Yasmine Hammamet ATU Sprint Triathlon African Cup атты африкалық кубок кезеңінде Темирлан Темиров 12-орын алса, Меирлан Искаков 44 спортшының ішінде 15-ші болды.

 Атырау облыстық триатлон федерациясының тұрақты мүшелері қалалық марафонда 10 км қашықтықта өз күштерін көрсетсе, Шымкент қаласының триатлон федерациясының спортшылары қырғыздың Чолпон-ата қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізді. Федерацияның бапкерлер штабы атап өткендей, «жиын өнімді өтіп, алдыға қойылған мақсаттардың барлығына қол жеткізілді».


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi