Аймақтардың жұмыс нәтижесі - Тамыз
Жергілікті федерациялар күнделікті триатлонды дамыту мен танымал етуге бағытталған жүйелі жұмыстар атқаруда.
Тамыз айында өткізілген ең ауқымды іс-шара деп Алматыда өткен Азия кубогін атауға болады. Бұл сайыс оңтүстік астанамыздың атақты жерлерінің бірі – Сайран көлінде әлемнің 19 елінен келген 69 кәсіби спортшының басын қосты. Ал келесі күні болған «TEMIRADAM» Кубогінің VIII кезеңіне 182 жеке есептегі спортшы мен 10 эстафеталық команда қатысты. Олар - Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Өзбекстан мен Оңтүстік Кореядан келген әуесқой спортшылар. Бұл спорт мерекесі Almaty Triathlon Federation мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған болатын.
Соңыра Қостанайда Қазақстан Республикасының спорт күніне арналған 10-15 жас балалар арасында акватлоннан Қостанай облыстық триатлон федерациясының ашық біріншілігі өтті. Сайыс жасөспірім балаларды триатлонмен айналысуға қызықтыру, Қостанай облысында триатлонды танымал ету, сондай-ақ аймақтағы бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру мақсатында өткізілді. Сайыстың жүзу кезеңі Fitnation спорт кешенінде өтсе, жүгіру кезеңі КЖБИ жағалауында өтті. 10 мен 15 жас аралығындағы спортшылар үш топқа бөлініп, 200 жүзу және 1000-2000 м жүгіру қашықтықтарын бағындырудан сайысты.
17 тамызда Ақтөбе облыстық триатлон федерациясы Ақтөбе қалалық спорт басқармасымен бірлесе отырып, «супер-спринт» қашықтығында командалық триатлоннан сайыс өткізді. Бұл іс-шараның басты мақсаты спортсүейр қауымның триатлонға деген қызығушылығын арттыру. Жергілікті федерация триатлонға жаңадан келгендердің қызығушылығын арттыру және олардың жүлделі орындардан тыс қалмауы мақсатында «Iron Tulip» атты әуесқой триатлон командасының мүшелеріне бір командаға бірігуге тыйым салды. Әйтсе де, олардың бір өкілі ғана бір команданың мүшесі болып, сайыстың бір кезеңін өте алатыны айтылды. Нәтижесінде сайысқа 3 адамнан құралған 43 команда сайысуға бел буды. Барлық мәрегерлер мен жеңімпаздарға медалдар табысталды.
Жергілікті басқарма өкілдері әрдайым спортқа көңіл бөліп келеді. Мәселен, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиев Спорт күніне бағышталған ресми қабылдауда барлық жергілікті атақты спортшыларды құттықтап, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Олардың арасында BI Group Ironman 70.3 Astana додасында мәрегер болған ақтөбе тумалары да бар.
Астаналық әріптестеріміз федерация бапкерлері Сергей Бондаренко мен Мұрат Әубәкіровтердің қатысуымен «Ironman толық қашықтығына дайындық» және «Мауысымаралық дайындық» атты шеберлік сағаттарын өткізді. Іс-шара "Forever strong" брендімен бірлесе отырып Нұр-Сұлтан қаласының әуесқой-спортшыларына арналған болатын.
Біздің триатлон үшін тамыз осындай жаңалықтарымен есте қалды. Ендігіде бүкіл қазақстандық триатлон қауымдастығы 21-22 қыркүйекте Ақтаудағы Каспий теңізінің әсем жағалауында болатын «орта» қашықтықтағы «TEMIRADAM» Кубогінің ақтық сайысын тағатсыздана күтуде. Осы соңғы сайысымыздан кейін біз маусымды қорытындылап, 2019 жылғы «TEMIRADAM» құрметті атағы мен кубок иегерлерін анықтайтын боламыз.