Аймақтардың жұмыс нәтижесі - Қараша

6 December 2018

Спорт маусымының аяқталуына қарамастан, еліміздің триатлоншылар қауымдастығы қарқынды түрде дамып, өз жұмыстарын белсене атқарып жатыр.

Қазақстан Республикасындағы триатлон бапкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылатуды көздейтін кешенді бағдарлама аясында оңтүстік астанамыздың триатлон федерациясы оқыту семинарын ұйымдастырған болатын. Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және де Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан мен Қарағанды облыстарынан келген 30 бапкер «Триатлеттерді дайындауды жоспарлаудың негізгі қағидалары» атты жалпы тақырыпта кәсіби біліктілікті жоғарылатудың теориялық-практикалық курстарын өтті. Үш күндік дәрістерді ҚТФ Бас хатшысы Максим Крят, ҚТФ бас бапкері Андрей Глущенко және жарыстарды ұймдастыру департаментінің басшысы Сергей Майер жүргізді. Қатысушылар атап өткендей, семинарлар тиімді әрі қызықты болды. Тыңдаушылар жаңа әрі пайдалы білім алғандарымен бөлісіп жатты.

Бапкерлер құрамының кәсіби біліктілігін жақсарту үрдісі астаналық федерацияда да байқалады. Мәселен, Астана қаласының Триатлон Федерациясының бас бапкері Мұрат Әубәкіров ITU бастамасымен Оңтүстік Кореяда ұйымдастырылған бапкерлердің кәсіби біліктілігін жоғарылату курстарын тәмамдады. Бұл жайт елімізде ITU мойындаған және куәландырған кәсіби бапкерлердің қатарын көбейтуге ықпал етті. Соңыра, астаналық федерация бапкерлері Екатерина Руденко мен Дмитрий Загаринский тәжірибелі спортшылармен қатар жаңадан келген спортшыларға да ашық шеберлік сабақтарын өткізді.

Сонымен қатар, астанамыздың барлық триатлоншылары Астана қалалық триатлон федерациясының бірінші мерейтойына арналған мерекелік іс-шарада бас қосты. Іс-шара барысында жаңартылған бапкерлердің құрамы, соның ішінде мұқтаждықтары бар балалардың жаттықтырушылары таныстырылды. Осы жылда ерекше көзге түскен әуесқой спортшылардың еңбегі өз бағасын алды: астаналық «TEMIRADAM» Кубогінің иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Өткен жылы ғана ашылған балалар триатлон мектебінің жетістіктері кеш қатысушыларын ерекше қуантты. Алдымызда келе жатқан маусымның өзінде осы мектептің бес тәрбие алушылары республикалық жарыстарда U17 мен U15 санаттарында бақ сынайтын болады.

Балалар триатлон секциясының қатысушылары да назардан тыс қалмады. Оларға арнайы жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды. Іс-шара 120 кішкентай триатлоншылармен қоса ата-аналары мен бапкерлерінің басын қосты.

Екі арада триатлон қарқынды дамып келетін аймақтардың бірі Шымкент қаласының жасөспірімдері арасында акватлоннан ашық қала біріншілігі өтті. Жарыста 178 спортшы бақ сынасы; оның 29-ы қыз бала, 149-ы бозбала. Қатысушылар бес жас топтарында түрлі қашықтыққа жүзіп-жүгіріп жарысты.

Осы айда тағы бір өте маңызды жағдай орын алды: 28 қарашада Астана қаласының Триатлон Федерациясы өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттап, «TEMIR BALA» бағдарламасымен балалар триатлонын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін қоғамдық «Таным» премисиясының «Жыл дебюті» номинациясын иеленді. Қоғамның бұл еңбекті елегені - «TEMIR BALA» балалар триатлонын дамыту бағдарламасына берілген ең жоғары баға деп білеміз.

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi