Аймақтардың жұмыс нәтижесі – Қазан

8 November 2018

Ақмаржан Ақтауда қыркүйек айында өткен Қазақстан Рсепубликасының «TEMIRADAM» Кубогінің ақтық сайысынан кейін, көптеген спортшыларымыз 2018 жыл маусымын өздері үшін тәмамдап, қызықты болғалы отырған алдымыздағы маусымға қызу дайындықтарын бастап та кетті. Соның арасында біздің аймақтық федерацияларымыз триатлонды еліміздің түпкір-түпкірінде дамыту мен насихаттауға бағытталған түрлі жұмыстарды тоқтаусыз жүргізіп жатыр.

Астана қаласының Триатлон Федерациясы балалар триатлонын дамытуды көздейтін «TEMIR BALA» бағдарламасы аясында қарқынды жұмыс атқаруда. Сөйтіп, 21 қазанда астаналық федерация «Барыс Арена» спорт кешенінің негізінде триатлоннан балалар секциясы тәлімгерлері арасында акватлон бойынша жарыс ұйымдастырды. Жас спортшыларға транзиттік зонадан өтуге және жүгіру кезеңіне, ашық судағы жарыстарға ұқсайтын жағдайлар тудырды. Турнирге 90-нан астам балалар қатысты. Балаларды ынталандыру мақсатында жеңімпаздарға триатлон секциясындағы жаттығуларын ақысыз жалғастыруға мүмкіндік берілді.

Сонымен қатар, астаналық федерацияның бас бапкері Мұрат Әубәкіров әйгілі ультрамарафоншы Марат Жыланбаевпен бірігіп жас спортшыларға арнап бірнеше жүгіру сабақтарын өткізген болатын. Сабақ барысында шеберлер балаларға жүгіру техникасын жақсартуға арналған кеңестер берді.

Одан басқа, ҚТФ қолдауымен Алматы Триатлон Федерациясының мамандары оңтүстік астанамыздың әкімдігімен бірлесе отырып, спорттағы дарынды балаларға арналған қалалық мектепте триатлон бөлімін ашу жолында еңбектеніп жатыр. Бұл еңбектің нәтижесі Алматыдағы триатлонның дамуына қосымша серпіліс беретіндігіне кәміл сенеміз.  

30 қазанда қайта құрылған Шымкент қаласының Триатлон Федерациясы Elіte санатындағы спортшыларға арнап дуатлоннан алғашқы қалалық ашық біріншілік өткізді. Жарыста С. Пивоваров, С. Қосақ және Д. Зубцов секілді құрама команда мүшелерімен қатар, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының түрлі аймақтарынан жиналған 57 спортшы қатысты. 9 бен 18 жас аралығында спортшылар «супер-спринт» және «спринт» қашықтықтарында өз күштерін сынап көрді. Осы жарыстың төрешілігіне қатысқан триатлоннан ұлттық құраманың бас бапкері Дандыбай Әлімбаев аймақта триатлонға деген қызығушылық артып, көптеген балалар триатлонмен айналысып жүргендігін айтып жеткізді.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi