Оралда «TEMIRADAM» Кубогінің IX кезеңі өтті

11 August 2019

 

Бүгін «TEMIRADAM» Кубогінің IX кезеңі аясында 30 әуесқой спортшы Орал қаласының «спринтерлік» трассасын сынап көрді. Спортшылар Шаған өзенінде 750 м жүзіп, қалалық Мәдениет және демалыс саябағында 20 км веложарыс пен 5 км жүгіру қашықтықтарын бағындырды.

Күрт өзгерген ауа-райы сайыскерлерді еш қорқыта алмады. Кеше ғана аптап ыстық болған күн тез суытып, ауа температурасы 22°С болып тұрды. Оның үстіне түнімен жауған жаңбыр дистанцияны қиындатты.

Жүзу кезеңінен кейін-ақ сайыс фавориттері айқын болды. Олар 25-29 жастағы ерлер арасында сайысқан 2018 жылғы TEMIRADAM атағының иегері Александр Хитров (Павлодар облысы), 2018 жылғы TEMIRADAM кубогінің иегері Дмитрий Машенцев (Қарағанды облысы) и Мұрат Батай (Нұр-Сұлтан). Жүзуге 13 минут 16 секунд уақыт жұмсаған Дмитрий Машенцев бірінші транзиттік зонаны айтарлықтай басымдылықпен өтті. Әйтсе де, Александр Хитров мықтылық көрсетіп, веложарыс кезінде қарысласынан озып шығып, мәреге дейін алдына жан салмады. Нәтижесінде ол ерлер арасындағы абсолютті жеке есепте 1 сағат 09 минут 43 секунд уақытымен үздік атанды.

 Додаға қатысқан жалғыз әйел Нұргүл Орынбасар (Ақтөбе облысы) 1 сағат 44 минут 07 секундта мәреге жетіп, бірінші орыннан көрінді. Aksai Sport Club (БҚО, Орал) 1 сағат 13 минут 17 секундта сайысты аяқтап, бірінші орынға лайық деп танылды.

Оралда Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен өткізілген алғашқы сайыс осылайша есте қалды. Картадағы келесі аялдама Өскемен қаласында болмақ. Мұнда лағаш рет республикалық деңгейдегі триатлон жарыстары өтпек.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi