Қазақстан Триатлон Федерациясы және Цеснабанк қызметкерлері алтыншы Алматы марафонына қатысты

24 April 2017

Алматыда осы демалыс күндері Қазақстанның ең ауқымды шаралардың бірі – Алтыншы Алматы марафоны өтті, ол кезекті рет спорт әуесқойларының басын қосты. Биылғы жылы трассадан 15 000 астам адам жүгіріп өтті!

Қазақстан Триатлон Федерациясының командасы да ЦеснаБанк қызметкерлерімен бірге көпшілік жүгіруге қатысты.

Тұңғыш Президент саябағынан бастау алған қатысушылар қашықтықтан өту бойынша топтарға бөлінді: 10, 21, 42 км және "Экиден" эстафетасы (42 км, 195 м).

Қазақстан Триатлон Федерациясының Бас хатшысы Максим Крят 10 км қашықтыққа жүгіруде 19 жастан жоғары ерлер арасындағы санатта алтын жүлдеге ие болды (00:31:05).

Атқарушы директор Асылжан Достияров өз өмірінде алғаш рет жартылай марафонға қатысты (02:01:45):

«Қазақстан Триатлон Федерациясы командасымен 21 км қашықтықты жүгіріп өттік. Әрине, оңай болған жоқ, бірақ біз бұдан да жоғары қашықтықты бағындыруға дайынбыз! Ұйымдастырушыларға, осы ауқымды шараға ат салысқандарға және қатысушыларға алғысымды білдіремін!»

Қазақстан Триатлон Федерациясы да барлық қатысушыларды қашықтықтан өткендері үшін құттықтайды!

15-17 жас санатында 10 километрге жүгіру:

Данияр Армангали, Талдықорған (00:32:08),

Диана Зейналова, Алматы (00:37:59)

Қыздар арасындағы 19 жастан жоғары жүгірушілер санаты: 

Надежда Малькова, Алматы (00:36:55)

21 километрге жүгіру:

Алексей Гусаров, Алматы (1:12:41)
Жанна Мамаржанова (01:18:46)

Марафондық қашықтыққа жүгіру (42 км 195 м):

Николай Григоров, Барнаул, Ресей (02:30:08),

«Экиден» эстафетасы:

«Батыр» Президент полкының командасы.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi