Қазақстандық Триатлон Федерациясы ел дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды

24 December 2021

Х Азаматтық форум аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен ҮЕҰ сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін сыйлық – 2017 жылдан бері мемлекет тарапынан көрсетіліп келе жатқан қолдаудың негізгі тетігі. Жыл сайын республикалық, салалық және өңірлік деңгейде әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға 15 бағыт бойынша сыйлықтар табысталады

Қазақстандық Триатлон Федерациясына сыйлықақы «Білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу» бағыты бойынша берілді. Бұл бағыт бойынша федерациядан бөлек тағы он бір ұйым сыйлықақыға ие болды.

Өз кезегінде алған сыйлықақы 22 желтоқсанда ел астанасында өткен маусым қорытындысы бойынша өткен салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалғанын атап өткен жөн.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi