Қазақстандық Триатлон Федерациясы триатлонның клубтық жүйесін енгізуді қайта қолға алды
2021 жылы ҚТФ TEMIRADAM (әрі қарай – Кубок) Кубогы аясында клубтық жүйені енгізуді қайта қолға алды. Ендігіде қазақстандық триатлон клубтары әділ бәсеке жүргізіп, дамуға арналған бөлек алаңға ие болды. Клубтық жүйені енгізу қазақстандық триатлондағы клубтық жүйені дамытуға серпіліс береді. Төменде енгізіліп отырған жаңалық туралы ақпарат береміз.
Тіркелу
Клуб өкілі 2021 жылдың 21 ақпанына дейін клубтық жүйеде қатысу туралы өтінім жібереді. Тіркелу кезінде клуб жылдық тіркелу жарнасын төлейді. 2021 жылдағы жарна - 50000 теңге. Бұл сомма маусым басында бір рет қана төленеді. Клубтардан жиналған жарна жүлде қорының мақсаттарына жұмсалады. Тіркелу аяқталғаннан кейін клуб ҚТФ ресми сайтындағы жеке кабинетіне кіруге рұқсат алады.
Клубтың жеке кабинеті арқылы клуб өкілдерін Кубоктың кезеңдеріне тіркеу процессі жүзеге асырылады. Кез келген клуб бір сайысқа алдын ала жеті орынды сатып алу мүмкіндігіне ие. Бұл орындар сайысқа 30 күн қалғанша сатып алынуы қажет. Уақытында сатып алынбаған орындар жалпы сатылымға ауыстырылады. PRO санатындағы сайыскерлер Кубоктың кезеңіне рейтингтік ұпайларының көрсеткіштеріне сай тіркелетін болады:
- ерлер үшін үздік 35;
- әйелдер үшін үздік 15.
Қатысу талаптары
Клубтан келген әрбір сайыскерде ҚТФ жарамды триатлет лицензиясы болуы тиіс. Әрбір клубта:
- бірдей сайыс формасы (trisuit);
- клубтың логотипі бар мерекелік киім;
- клуб туралы ақпарат жарияланған жеке интернет-парақша.
Қатысушылар
Бір сайыста бір клубтан PRO санатындағы төрт спортшы қатыса алады. Бір клубтан қатысатын Age Group санатындағы сайыскерлер санына шектеу қойылмайды. Сайыскерлердің жыныстық белгілеріне де шектеу қойылмайды.
Бір сайыс маусымы кезінде бір клубтан екінші клубқа өтуге тыйым салынады. Екі не одан да көп клібқа мүше болуға болмайды. Бір де бір клубтың құрамында болмаған спортшы, кез-келген уақытта қалаған клубтың құрамына кіре алады.
PRO санаты
PRO санатындағы спортшылар - Age Group санатында сайысқа түсуге құқығы жоқ, ҚТФ Ұлттық рейтингтік және клубтық жүйелерінде сайысатын спортшылар. 2021 жылы шетелден келген PRO санатындағы спортшылар Кубок кезеңдеріне қатыстырылмайды.
Рейтингтік ұпайлар
Кубоктың бір кезеңіне қатысып ұпай алу үшін, клубтан түрлі санаттардағы кем дегенде жеті спортшы қатысулары керек. Егер Кубоктың бір кезеңінде бір клубтан жеті спортшыдан көп адам қатысса, үздік шыққан жеті спортшыға ғана рейтингтік ұпай есептеледі.Төменде рейтингтік ұпай жинаудың үш түрлі жағдайы сипатталған:
- Көп рейтингтік ұпай жинаған PRO санатындағы екі спортшыға және Age Group санатындағы бес спортшыға;
- PRO санатындағы бір спортшыға және Age Group санатындағы алты спортшыға;
- Age Group санатындағы жеті спортшыға
ғана рейтингтік ұпайлар есептеледі.
TEMIRADAM Кубогының финалы
Кубок финалына бір маусымда Кубок кезеңдерінің кем дегенде жартысына қатысқан клубтар ғана финалға жіберіледі. Жыл соңында ең көп рейтингтік ұпайлар жинаған клуб жеңімпаз атанады.
Марапаттау
2021 жылы Кубоктың ӘР КЕЗЕҢІНДЕ үздік бестікке кірген ер спортшыларға мынадай ақшалай жүлде беріледі:
1) 86 000 (сексен алты мың) теңге;
2) 64 500 (алпыс төрт мың бес жүз) теңге;
3) 51 600 (елу бір мың алты жүз) теңге;
4) 43 000 (қырық үш мың) теңге;
5) 34 400 (отыз төрт мың төрт жүз) теңге.
Кубоктың ӘР КЕЗЕҢІНДЕ үздік үштікке кірген әйел спортшыларға мынадай ақшалай жүлде беріледі:
1) 86 000 (сексен алты мың) теңге;
2) 51 600 (елу бір мың алты жүз) теңге;
3) 34 400 (отыз төрт мың төрт жүз) теңге.
ЖЫЛ нәтижесі бойынша үздік бестікке кірген ер спортшыларға мынадай ақшалай жүлде беріледі:
1) 860 000 (сегіз жүз алпыс мың) теңге;
2) 752 500 (жеті жүз елу екі мың бес жүз) теңге;
3) 645 000 (алты жүз қырық бес мың) теңге;
4) 537 500 (бес жүз отыз жеті мың бес жүз) теңге;
5) 430 000 (төрт жүз отыз мың) теңге.
ЖЫЛ нәтижесі бойынша үздік үштікке кірген әйел спортшыларға мынадай ақшалай жүлде беріледі:
1) 860 000 (сегіз жүз алпыс мың) теңге;
2) 645 000 (алты жүз қырық бес мың) теңге;
3) 430 000 (төрт жүз отыз мың) теңге.
Қосымша ақпарат алу үшін info@triathlon.org.kz электронды поштасына жазыңыз.