Қазақстан триатлон федерациясы Аян Бейсенбаевқа кәсіби велосипед табыстады

4 July 2026

Азия ойындары қарсаңында Қазақстан триатлон федерациясы ел намысын халықаралық аренада қорғайтын спортшылардың бірі — Аян Бейсенбаевқа кәсіби X-Lab велосипедін табыстады.

Жаңа велосипед спортшының жаттығу үдерісін жетілдіруге және маңызды жарыстарға сапалы дайындалуына қосымша мүмкіндік береді.

Қазақстан триатлон федерациясы Аян Бейсенбаевқа сенімді старттар, мықты жарыстар және Азия ойындарында лайықты өнер көрсетуді тілейді.

Жаңа жеңістерге бірге алға!


Saıystar kúntizbesi