Қазақстан триатлон федерациясы Рамазан Айнеговке кәсіби велосипед табыстады

28 May 2026

IV Жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы қарсаңында Қазақстан триатлон федерациясы елдің болашағынан үміт күттіретін спортшыларының бірі Рамазан Айнеговке X-Lab кәсіби велосипедін табыстады.

Рамазан Айнегов — Бахрейнде өткен III Жасөспірімдер Азия ойындарының күміс жүлдегері және Қазақстанның триатлоннан жастар құрамасының көшбасшыларының бірі.

Жаңа велосипед спортшының алдағы жарыстардағы дайындығына қосымша мүмкіндік беріп, жаңа жетістіктерге, жоғары жылдамдықтарға және Олимпиада арманына бір қадам жақындатады деп сенеміз.

Рамазанға сәттілік, мықты дайындық және жаңа жеңістер тілейміз! 


Saıystar kúntizbesi