ҚТФ әуесқой спортшыларды сайысқа тіркеуді тоқтатты
Құрметті достар!
COVID-19 Қазақстан территориясында таралуына қатысты соңғы жаңалықтарға және кейбір аймақтардағы карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты, Қазақстандық Триатлон Федерациясы 2020 жылға арналған әуесқой спортшылардың күнтізбесінде көрсетілген сайыстарға тіркелуді уақытша тоқтатындығын хабарлайды.
Еске сала кетейік, ҚТФ 12 маусымда жаңартылған сайыстар күнтізбесін жариялады. 15 маусымда Ақмола облыстық штабын қоса алғандағы аймақтық штабтар тұрғындардың коронавирус індетін жұқтыруымен байланысты бірқатар облыстарда карантиндік іс-шараларды күшейткен болатын. Эпидемиологиялық жағдай маусымның бастапқы күнтізбесіне де өзгерістер енгізген: САТА және ҚТФ бастамасымен болады деп жоспарланған Ташкент, Бішкек және Душанбедегі негізгі додалар болмайтын болды.
Біз үнемі жағдайды бақылап соңғы өзгерістер туралы әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда және ресми сайтымызда жариялап отыратын боламыз.