Ұлттық құрама Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын бастады

13 May 2021

Осы аптада ұлттық құрама команда Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын бастады. Жиын бас бапкер Нұржан Усипбектовың басшылығымен «Нқр-Сұлтан» олимпиадалық дайындық орталығының негізінде өткізілуде. Жиынға команданың негізгі және жасөспірімдер құрамасы қатысуда. Ол 27 мамырға дейін созылады.

Жиынның аяғына қарай спортшылардың көбісі 30 мамырда Өскеменде супер-спринт қашықтығында өтетін ұлттық біріншілікте сынға түседі.

Бапкерлер бұл жолғы жиында әр спортшының өзіндік мақсат-міндеттері бар екенін атап өтті.Мәселен, Арина Шульгина Италия және Мексикада болатын квалификациялық әлем кубоктарына қатыспақ. Жасөспірімдер мен юниорлар құрамы техникаларын жақсартып, алад келе жатқан құрлықтық біріншілікке дайындалып жатыр.

«Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан жиын триатлоншылардың жүзу машықтарының сапасын жақсартуға бағытталған. Команданың әр мүшесі өзінің негізгі сайысына дайындалуда. Әрине, бапкерлердің дені Арина Шульгинаның дайындығына аса көп назар бөліп жатыр. Себебі ол Токиода өтетін Олимпиада ойындарына ұпай жинауда. Велосипедтік және жүгіру дайындықтары қосымша қолдаушы жаттығу ретінде орындалып жатыр. Спортшылар тек жеңісті мақсат тұтып отыр. Спортшыларымыз алда келе жатқан халықаралық сайыстарда Қазақстанның туын көтере алатындығына сенімдімін», - деп пікір білдірді төрт Олимпиада ойындарының қатысушысы, ұлттық құрама бапкері Екатерина Вышегородцева.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi