Age Group санатындағы спортшыларды лицензиялау

27 December 2019

Қазақстандық Триатлон Федерациясы 2020 жылдан бастап барлық санаттағы спортшыларды міндетті лицензиялау туралы жариялайды. ҚТФ бастамасымен не қатысуымен өткізілетін сайыстардың әрбір қатысушысында ҚТФ триатлет лицензиясы болуы міндетті.

Age Group санатындағы әрбір спортшы жылдық немесе бір реттік лицензия рәсімдей алады. Жылдық лицензия 01.01.2020 ж. бастап 31.12.2020 ж. дейін жарамды. Жылдық лицензия құнына: сайыс өткізу уақытында спортшыны сақтандыру, сайысқа тіркелуге жеңілдік және ҚТФ серіктестерінің қызметтері мен тауарларын арнайы бағамен алу кіреді. Жылдық лицензия Ironman секілді шетелдік додаларда уақытша лицензиялар алмауға жол ашады.

 Бір реттік лицензия бір сайыстың өткізілу уақытына жарамды және оның құны спортшыны сақтандыруды қамтиды. Оның бағасы сайысқа тіркелу жарнасына кіреді.

Age Group санатындағы спортшылар үшін жылдық лицензия құны – 19999 тг, бір реттік лицензия – 5999 тг. Бір реттік лицензия сайысқа тіркелу кезінде рәсімделсе, жылдық лицензияны www.triathlon.org.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы рәсімдеуге болады.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi