Триатлон ұлттық құрамасы жаңа маусымға дайындықты бастады

16 November 2021

Қазақстанның триатлоннан ұлттық құрама мүшелері ел астанасында оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Жиын келер жылғы маусымға дайындық аясында жүргізіліп отыр.

Спортшылар екі апталық дайындықтан өтіп, велосипедке қатысты техникалық сипаттағы тапсырмаларды орындап, жаңа маусымға жалпы дайындықтарын дамытуда. Әрі қарай спортшылар бірқатар сынақтардан өтпек: дене құрамын анықтайтын Inbody NU, дене иілгіштігін анықтайтын FMS test және де велосипедке отыру тиімділігін бағалау. Бапкерлер бұл тестілеуден кейін жиынның күш арттыруға бағытталған бөлімі басталатындығын хабарлайды.

Нұр-Сұлтандағы жиын 12 желтоқсанға дейін болып, кейін Алматыда жалғасады.

Коронавирус пандемиясының басылуына орай 2022 жылғы маусым триатлоншылар үшін өте тығыз болғалы отыр. Бір ай бұрын ғана World Triathlon Атқару кеңесі жаңа сайыстар күнтізбесін бекітіп жариялады. Бұл күнтізбеге әлі де жаңа сайыстар мен қалалар енгізіліп жатыр.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi