Жаңа жетістіктер
1 сәуірде Лючжоуда (ҚХР) триатлон бойынша Ironman 70.3 халықаралық жарыстары өтті. Мыңнан астам «жартылай темір» адам (1,9 км(жүзу)/90 км(вело)/21 км(жүгіру) қашықтығын өткен триатлеттерді дәл солай атайды) АҚШ-тағы Гавайиде (толық қашықтық) және Чаттанугада (жартылай қашықтық) өтетін триатлон бойынша әлем чемпионатына қатысу құқығына бақ сынасты. Біздің триатлеттер айтулы жарысқа «темір адамдар» қатарында қатысуға лайық екендерін көрсетті.
Павел Артюшенко (35-39 жастағы топ), екінші орынды иелене отырып, Ironman толық қашықтыққа әлемдік біріншілікке қатысу құқығын жеңіп алды.
Алексей Сидоренко (35-39 жастағы топ), 11-орынды иеленді және 70.3 әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін олжалады.
Мұратхан Томади (50-54 жастағы топ) алтыншы орынды иеленіп, ол да 70.3 әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстан Триатлон Федерациясы триатлет-әуесқойларды, Қазақстанның өкілдерін, Ironman әлем чемпионатына қатысу үшін слоттар алуға мүмкіндік берген жоғары жетістіктермен құттықтайды. Оларға алдағы уақытта да спорт шыңдарын бағындыруға тілектеспіз!