Атырау облысының триатлон федерациясы құрылды

5 April 2019

Триатлон қозғалысы еліміздің жаңа қалалары мен аймақтарын бағындырыуды жалғастыруда. Біздің қатарымызға тағы бір аймақтық федерация – Атырау облысының триатлон федерациясы қосылды. Жаңадан ашылған федерация алдағы уақытта еліміздің батысында триатлонды дамыту мен салауаттыөмір салтын насихаттаумен айналысатын болады. Федерация басшысы ретінде ҚТФ бастамасымен өткізілетін барлық жарыстардың белсенді қатысушысы – Жандос Қайыргелды сайланды.

Бүгінгі таңда біздің әріптестеріміз World Class Atyrau фитнес-клубының негізінде Age Group санатындағы спортшыларға арналған жаттығу жұмыстарын бастап-ақ кетті. Жаттығулар триатлон бойынша куәландырылған, жүзуден спорт шеберлігіне үміткер – Садыков Эльдар бапкердің басшылығымен өткізілуде.

Федерация жақын аралықта балалар секциясын ашып, триатлоннан аймақ біріншіліктерін өткізуді жоспарлап отыр.

Жаңадан құрылған @atyrau_triathlon_federation өз жұмысында үлкен жетістіктер тілейміз!

@atyrau_triathlon_federation жаттығу сұрақтары бойынша +7 702 955 59 99 телефон нөміріне хабарлассаңыздар болады.  


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi