Ironman 2019 күнтізбесіне шолу

31 January 2019

Баршамыз білетіндей, әлемдегі бір күндік ауыр жарыстардың бірі – Ironman брендімен жер шарының түпкір-түпкірінде өткізілетін сайыстар сериясы. Бұл жылы Ironman брендінің иесі - Әлемдік триатлон корпрорациясы (WTC) әлем чемпионаттарын қоса алғанда 140 астам IRONMAN 70.3 және IRONMAN 140.6 өткізуді жоспарлап отыр.

Ironman маусымы басталып-ақ кетті және бірінші сайыс Пукон (Чили) қаласында 13 қаңтарда өткен болатын. Ал біз ертең, 1 ақпанда, Джумейра (Дубай, БАӘ) жағажайында бастау алатын кезектегі үшінші Ironman 70.3 жарысының өту барысына бар назарымызды салатын боламыз. Сайысқа жеке есепте 31 қазақстандық спортшы қатысуды жоспарлап отыр. Соның ішінде олимпиада чемпионы, ҚТФ құрметті мүшесі Александр Винокуров та бар. Эстафеталық командалар ішінде екі қазақстандық команда: «Assem tate» және «Astana Tri Team» бар. Барлық спортшыларымызға мәреге сәтті жетулерін тілейміз.

Сонмыен бірге, Pro санатындағы спортшылардың бәсекесін бақылаған қызықты болғалы отыр: екі дүркін олимпиада чемпионы және өткен жылғы Ironman 70.3 Dubai жеңімпазы ағылшын Алистер Браунли мен «жартылай» қашықтықтағы әлем рекордының иегері норвегиялық Кристиан Блумменфельт жүлделі орынға таласпақ.

Және де IRONMAN шыңдарын бағындыруға дәстүрлі түрде қазақстандықтар баратын жарыстар жанкүйерлердің қызығушылығын тудыртпақ. Бұл жерде тамыз айында Копенгаген (Дания) және Таллин (Эстония) қалаларында, қыркүйекте Эмилия-Романьяда (Италия) және қазанда Барселонада (Испания) өтетін жарстарды ерекше атап өтуге болады. Жанкүйерлеріміз 14 шілдеде Астанада өтетін BI Group Ironman 70.3 сайысын тамашалай алады.

7 қыркүйекте Ницца қаласында (Франция) өтетін Ironman 70.3 және 12 қазанда Конада өтетін Ironman 140.6 әлем чемпионаттары кезінде маусым өзінің шарықтау шегіне жетпек.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi