2021 жылғы TEMIRADAM клубтық есебінің жеңімпаздары анықталды

27 September 2021

Бұл жылы Қазақстандық Триатлон Федерациясы өз тарихында алғаш рет клубтық жүйені іске қосқан болатын. Кәсіби және әуесқой спортшылар ресми түрде клуб ұйымдастырып, TEMIRADAM кубогының клубтық есебіне қатыса бастады.

Алғашқы маусымда барлығы алты клуб сайысқа түскен болатын: ERG Team, Nomad TriClub, MIRONTRIATHLONTEAM, Ironqazaqstan, World Class Almaty триатлон мектебі мен TriathlonAktobe. Pro және Age Group санаттарындағы мүшелер кубок кезеңдерінде сайысып, жыл бойы рейтингтік ұпайлар жинады. Каспий жағалауындағы бәсекелі дода мен бәсекелі маусым нәтижелері бойынша жылды қорытындыладық.

Астаналық Nomad TriClub клубы қазақстандық триатлон тарихына өз атын мәңгіге жазды. Клуб 1645 ұпай жинап, клубтық есептің алғашқы жеңімпазы атанды. Екінші орында 1338 ұпай жинаған Ironqazaqstan, үшінші орында - ERG Team (750 ұпай).

Pro санатындағы әйелдер арасында маусымның үздік спортшысы атағын 360 ұпай жинақтаған Екатерина Шабалина жеңіп алды. Екінші орынды 330 ұпай жинаған ERG Team мүшесі Надежда Бекмаганбетова иеленді.

Pro санатындағы ерлер арасында жеңіс тұғырына ең көп көтерілген Nomad TriClub өкілі Дарын Қонысбаев болды. Ол 320 ұпай жинаған. Екінші орынды 120 ұпаймен Иван Тутукин алды. World Class Almaty мүшесі Ануар Турубаев (100 ұпай) маусымды үшінші орында, төртінші орында ERG Team (65 ұпай) өкілі Алихан Абусеит, бесінші орында тағы бір осы клуб мүшесі Ерасыл Аманжолов (30 ұпай) аяқтады.

Жеңімпаз болған клуб ауыспалы TEMIRADAM кубогын алды да келесі маусымда оны қорғайтын болады. Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ҚТФ бас серіктестерінің: ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Sport Qory» Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры және Eurasian Resources Group компаниялар тобының қолдауымен бөлінген ақшалай сыйлықтар табысталды.

Барлық нәтижелерді www.temiradam.com сайтынан табуға болады.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi