«TEMIRADAM» Кубогінің өткізілетін күні өзгертілді

21 June 2018

Ұйымдастыру комитетінің шешімімен Ақтауда өткізілетін «TEMIRADAM» Кубогы финалының өткізілетін уақыты өзгертілді. Ақтаудағы «TEMIRADAM» Кубогының финалы 23 қыркүйекте өткізілетін болды.

Естеріңізге сала кетсек, «TEMIRADAM»Кубогының І-кезеңі 22 сәуірде Шымкентте, ІІ-кезеңі 20 мамырда Астанада өткен болатын. ІІІ және ІV кезеңі 12 тамызда Павлодарда, 9 қыркүйекте Қарағандыда өткізілмек. Сонымен қатар, ҚР Чемпионаты аясында 8 шілдеде Көкшетауда «супер-спринт» дистанциясында, 22 шілдеде Қостанайда «спринт» дистанциясында, 5 тамызда Алматыда «стандартты» дистанцияда сайыстар өткізіледі.

«TEMIRADAM» Кубогы финалының қатысушылары 113 шақырымдық орта («жартылай темір») дистанцияны (жүзу-1,9 км, велокезең-90 км, жүгіру-21,1 км) және 226 шақырымдық дистанцияны (жүзу-3,8 км, велокезең-180 км, жүгіру-42,2 км) бағындыруға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, 22 қыркүйекте Ақтауда elite санатындағы спортшылар арасында «спринтерлік» және «стандартты» дистанцияларда Қазақстан Республикасы Кубогының финалы өтетін болады. Осы күні жас триатлон жанкүйерлеріне арналған «TEMIRBALА» балалар старты өткізілмек.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi