ҚТФ Президент кеңсесі құрылмақ

14 October 2020

Қазақстандық Триатлон Федерациясы триатлонның тек Қазақстан жерінде ғана емес, Орталық Азияда да даумына қолдау көрсетпек. Федерация Орталық Азияның ұлттық федерацияларымен, World Triathlon мен Құрлықтық конфедерациялардың мүшелерімен тығыз байланыс орнату арқылы осы мақсатқа жету жолында ресурстар мен күш жұмсап келеді. ҚТФ басты мақсаты – бұқаралықтан бастап кәсіби деңгейге дейін триатлонды дамытудың теңдестірілген бағдарламасын жүзеге асыру.

Осыған байланысты ҚТФ президенті Алдияр Қазтаевтың тапсырмасы бойынша Президент кеңсесі құрылмақ. Президент кеңсесі федерацияның өкілдік функцияларын атқаратын болады. Ол өкілдік функцияларға халықаралық іс-шараларға өтінім беру, конгресс ұйымдастыру және өткізу, презентациялық, имидждік және басқа да функциялар кіреді. Сонымен қатар, президент шешіміне сәйкес Достияров Асылжан Алмазұлы ҚТФ президенті кеңесшісі болып тағайындалды.

Қазақстандық триатлонның негізгі даму бағытының бірі – Орталық Азияға шығу болып табылатындығын айта кеткен жөн. Бірінші трансұлттық сайыс 2020 жылғы маусымға жоспарланған еді. Дегенмен бүкіләлемдік пандемия жоспарды өзгертіп, аталған сайысты да, өзге де халықаралық бұқаралық іс-шараларды да келесі маусымға қалдыруға мйәжбүрледі. Ендігіде жаңадан құрылған ҚТФ Президент кеңсесі өкілдік қызметті атқара отырып қазақстандық триатлонның келешек дамуына өз үлесін қоспақ.

Фото: World Triathlon


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi