Мықтылардың жолымен. Триатлоннан ұлттық құрама командаға қалай қосылуға болады?

24 June 2021

Бізге триатлоннан ұлттық құрама командаға еніп, халықаралық аренада Қазақстан туының астында сынға түсу үшін не істеу керек деген сұрақтар көп түсіп жатады. Осы сұраққа жауап береміз.

Құрама команда қалай құралады?

Ұлттық құрама команда Ұлттық рейтингтік жүйеге және ҚР ҰҚК туралы Ережелерге сәйкес жыл сайын құралып отырады. Құрама команда мүшелерінің қызметі спортшы, Ұлттық Олимпиадалық Комитет пен Қазақстандық Триатлон Федерациясы арасында жасалған үш жақтық келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Ұлттық құрама команда құрамына ҚТФ лицензиясы бар, іріктеу шарттарын орындаған кез келген ҚР азаматы кіре алады. Басқаша айтқанда, спортшы әуелі белгілі бір аймық ауқымында сайысады, одан кейін республикалық сайыстарда сынға түсіп, рейтингтікұпайлар жинайды да құрамаға алынады.

Құрама команда кұрамы Ұлттық рейтингтік жүйеде жинаған ұпайларына сәйкес жыл сайын қалыптасады. Олимпиадалық қашықтықтағы ҚР триатлоннан ұлттық Чемпионатының ерлер және әйелдер арасындағы жеңімпаздар, ҚР Кубогы иегерлері және Ұлттық рейтингтік жүйенің үздік төрттігіне енген спортшылар ұлттық құрама командаға қабылданады.

Команда дайындығын кім басқарады?

Команданың дайындығын ҚТФ бапкерлері мен спортшылардың жеке бапкерлерінің қатысуымен құраманың бас бапкері басқарады. Сонымен қатар, команда дайындығындағы ұйымдастырушылық-әдістемелік мәселелерге қатысты шешімді алдыңғы қатарлы бапкерлер мен мамандардан құралған ҚТФ Бапкерлер комитеті қабылдайды.

Ұлттық құрама қатарынан не үшін шеттетуі мүмкін?

ҚР СММ, ҚР ҰОҚ және ҚТФ нормативтік ережелерін бұзушылық, жеке жаттығу жоспарын орындамау, тыйым салынған субстанцияларды қабылдау және спорттық қызмет туралы келісім-шарт талаптарын бұзу ұлттық құрама қатарынан қудалауға алып соқтырады.

Егер сұрақтарыңыз болса бізге info@triathlon.org.kz поштасына хабарлама қалдырыңыз.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi