Asia Triathlon Cup 2026 ресми мерчін таныстырамыз
Қазақстан триатлон федерациясы маусымның ең ірі халықаралық жарыстарының біріне арнайы дайындалған Asia Triathlon Cup 2026 ресми мерчін ұсынады:
Asia Triathlon Cup Astana 2026
Коллекция заманауи дизайнды, жоғары сапалы материалдарды және спорттық стильді үйлестіріп, жарысқа қатысқаныңыздың жарқын естелігін сақтауға және Қазақстандағы халықаралық триатлон тарихының бір бөлігі болуға мүмкіндік береді.
Старттық пакет
* Арқаға асатын қапшық
* Футболка
* Түтіктегі сүлгі
* Старттық нөмір
* Жабдықтарға арналған жапсырмалар
* Жүзу қалпақшасы
* Денеге арналған тату-жапсырмалар
* Білезіктер
* Серіктестерден сертификаттар/ваучерлер (бар болған жағдайда)
* Энергетикалық гельдер (спорттық тағам)
Сонымен қатар, Asia Triathlon Cup Turkistan 2026 жарысына тіркеу жақын арада Қазақстан триатлон федерациясының ресми сайтында ашылады. Баршаңызды триатлон маусымының басты оқиғаларының біріне қатысуға шақырамыз.
Астана мен Түркістанда кездескенше!
Рус
Eng






