Көптен күткен «TEMIRADAM» Кубогының І кезеңіне алдын ала тіркелу ашық

30 March 2021

Pro & Age Group санатындағы спортшылардың назарына!

Көптен күткен «TEMIRADAM» Кубогының І кезеңіне алдын ала тіркелуді ашық деп жариялаймыз. Сайыс 2 мамырда Алматы облысы Қапшағай қаласында спринтерлік қашықтықта (750 м жүзу, 20 км веложарыс, 5 км жүгіру) өтеді. Бүгінгі күннен бастап www.temiradam.com сайтында алдын ала тіркеуден өте аласыз.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

Алдын ала тіркелу сайыскердің жеке кабинеті арқылы 22 сәуірге дейін АҚЫСЫЗ өткізіледі. Бұлайша өз орныңызды брондайсыз. Сайысқа қатысу төлемін сайыс болатын уақытқа қарай төлеу қажет. Ол күн қосымша хабарланатын болады. ҚТФ клубтық жүйесінде тіркелген клубтар үшін Age Group санатында 7 орын бөлінеді.

Ақысыз алдын ала тіркелу коронавирусқа қатысты құбылмалы жағдайға байланысты әрі сайыскерлерді артық шығынға батырмау мақсатында жүргізіліп отыр. Ұйымдастыру комитеті COVID-19 қатысты жағдайдың толықтай тұрақталмауына орай сайыстың басқа күнге ауысу мүмкіндігін немесе мүлдем болмай қалу ықтималдығы бар екендігін ескертеді.

Сұрақтарыңыз болса бізге тікелей direct-ке жазыңыз.

 

 

 

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi