Бапкерлерді оқыту мен біліктілігін көтеру бағдарламасы жалғасуда
Халықаралық Олимпиада Комитетінің сертификатталған спорттық дәрігері Ирина Зеленская дәріс өткізілді.
30 қарашада Қазақстандық Триатлон Федерациясының Жыл сайынғы IV Конгресі аясында «Ұшақта ұшу (ұйқы, джет лаг, төзімділікті арттыру әдістері)». Дәріске ұлттық және аймақтық құрамалардың бапкерлері мен спортшылары қатысты.
Дәрісті кәсіби спорттық медицина саласында он жылдан астам тәжірибесі бар медицина ғылымдарының кандидаты, PhD, ХОК сертификаттаған спорттық дәрігер, ЗОК сертификаттаған спорттағы дәрі-дәрмектер маманы – дәрігер Ирина Зеленкова жүргізді. Дәрігер спорттық медицина саласындағы ғылыми-зерттеушілік жобаларға белсенді қатысып, ХОК Токио Олимпиадасындағы COVID-19 изоляторы мен аптап ыстыққа үйренісу туралы жобасында мүше болған.
«Үздіксіз оқу және біліктілік арттыру – бапкерлердің де, спортшылардың да жұмысының мәнді бөлігі. Осындай алдыңғы қатарлы мамандар жүргізген дәрістерге қатысу біздерге ғылым мен спорттың арасындағы алшақтықты қысқартып, келешекте үздік нәтижелерге жету мақсатында жалпы дайындығымызды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. COVID-19 секілді індет жайылған заманда біз спорттағы инновациялармен табандас болуға тиіспіз. Бұл спортшылардың денсаулығын барынша сақтап қалу үшін қажет. ҚТФ бапкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламасы дұрыс бағытта келетіндігіне сенімдімін. Себебі, басты назар кадрлық дамуға салынып отыр», - деп пікірімен бөлісті аға бапкер Мұрат Аубакиров.
Еске сала кетейік, осы жылы бағдарлама аясында ұлттық құрама бапкерлері ҚР тректегі велоспорттан (спринт) Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы В.С. Савицкий өткізген бірқатар дәрістер тыңдаған болатын. ҚТФ келер маусымда да бағдарламаны жалғастырып, өзге мамандарды шақыртуды көздеп отыр.