Біздің қоржынымызда күміс пен қола!
23 шілдеде Нұр-Сұлтанда триатлоннан құрлықтық біріншілік – U23 және U19 санатындағы спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Бұл ауқымды спорттық шара сонау 2021 жылы жоспарланған болатын, бірақ тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты өтпеді. Айта кетерлігі, елордамыз бірінші рет осы санаттар бойынша чемпионат қатысушыларын өзінің ашық алаңдарында қабылдауда.
Жарысқа 13 елден 100-ден астам қатысушы қатысты. Олардың қатарында Жапония, Корея, Гонконг, Қытай, Қырғызстан бар. Осы санаттар бойынша рейтингте осы Азия елдерінің спортшылары көш бастап тұр. Бұл аймақтарда триатлонды дамыту күн сайын қарқын алуда.
Қазақстан атынан 15 спортшы қатысты, оның ішінде болашағынан үміт күттіретін спортшымыз – Дарын Қонысбаев бар. Бүгін ол тамаша нәтиже көрсетіп, U23 санатындағы тұғырдан екінші орын алды. Күміс медаль иегері, ең алдымен, Қазақстан құрамасына, атап айтқанда, Кирилл Рожков, Даниил Зубцов, Әлихан Әбусейіт және Ерасыл Аманжоловқа алғысын білдіріп, бүгінде әріптестері көрсеткен жақсы үйлестірілген командалық жұмыс болмаса, бұндай көрсеткіш болмайтынын атап өтті.
Дарын Қонысбаевты жарыстың басынан-ақ жоғары қарқын орнатып, үш кезеңді 1 сағат 51 минут 14 секундта бағындырған гонконгтық Оскар Коггинст басып озды. Ал үшіншісі Қытай өкілі – Цин Чен болды. Старттың басында ол жарыста айтарлықтай уақыт басымдылығына ие болды, бірақ бұл оның мәре сызығында қарсыластарынан озып кетуіне көмектеспеді.
Әйелдер арасындағы U23 санатында екі команданың – Жапония мен Қытайдың қатысушылары жарыстың көшін бастады. Спорттық табандылық танытқан спортшылар жеңімпаздар үштігіне енді. Подиумға 2:10:26 нәтиже көрсетіп, жапондық Изуми Икегучи көтерілді, осылайша қарсыластарын секундтың бір бөлігін басып озды. Ал Қытай құрамасының өкілдері Вен Вэй мен Синьи Лин өз командасының қоржынында күміс пен қоланы қанжығасына байлады. Веложарыстың бірінші айналымында үш қыз құлап түсті. Екі қазақстандық спортшы жылдам әрекет етіп, қатысуды жалғастырды. Бәлкім, бұл оқиға біздің отандастарымыздың одан әрі бастауына әсер етті.
Жапондық спортшылар құрамасының тамаша дайындығын атап өткен жөн. Бүкіл Чемпионат барысында бұл елдің өкілдері жарыстың барлық дерлік кезеңдерінде көш бастады. U19 санатында екі жапондық спортшы жүлдегер боп шықты: Мако Хиразуми – 1 орын және Манами Хияши – 2 орын. Ал қоланы Гонконг құрамасының өкілі – Шарлотт Холл иеленді. Бұл «үштік» жүзу кезеңінен кейін бірден көшбасшылар санынан анықталып, тұғырды одан әрі өзара бөлісті.
Жас ерлер санатында да Жапонияның өкілдері жеңіске жетіп, Аму Омуро мен Такуто Ошима бірінші және екінші орындарды иеленді. Жеңімпаздар қатарында қазақстандық спортшымыз – Егор Крупяков та болды. Оның қола жүлдесі бүгінгі спорт мерекесінің тамаша аяқталуы болды.
Марапаттау рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен Қазақстан триатлон федерациясының бас хатшысы Максим Крят қатысты. Максим Крят өз сұхбатында біздің команданың осы Чемпионатқа дайындығы барысында көп жұмыс атқарылғанын атап өтті. Оқу-жаттығу жиынында жаттықтырушылар құрамы мен спортшылар өздеріне жүктелген барлық тапсырмаларды орындады. Федерация оларды жеңістерімен құттықтай отырып, әрқашан алға ұмтылып, биік мақсаттарға жету жолында ешқашан тоқтап қалмауларын тіледі.