IRONMAN Kazakhstan және IRONMAN 70.3 Astana додалары 2022 жылға қалдырылды

4 August 2021

Бүгін IRONMAN Kazakhstan және IRONMAN 70.3 додаларының Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2022 жылға ауыстырылғандығы белгілі болды.

«Нұр-Сұлтандағы пандемияның жалғасуы және коронавирус инфекциясының таралу жайттары санының өсуі жағдайында қала басшылығымен әрі серіктестерімізбен доданы өткізу мүмкіндіктерін талқылай келе, өкінішке орай, IRONMAN Kazakhstan және IRONMAN 70.3 Astana додаларының 2021 жылы болмайды деген қорытындыға келдік. Сайыстар 2022 жылға ауыстырылды», - дейді ұйымдастырушылар өз хабарламасында.

Ironman додалары бастапқыда 2020 жыл 23 тамызға жоспарланып, 2021 жыл 15  тамызға ауыстырылған еді. Бүгін дода коронавирус таралуы салдарынан екінші рет кейінге қалдырылып отыр.  2019 жылы BI Group Ironman 70.3 Astana сайысында әлемнің 50 елінен келген 1400 триатлоншы бақ сынаған болатын.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi