Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Ақтөбедегі сайыстар болмайды

2 September 2021

9-12 қыркүйекке Ақтөбеде жоспарланған сайыстар аймақтағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмайды. Бұл туралы бүгін Ақтөбе облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектек карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттің санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 (27.08.2021  эж. Енгзілген өзгерістер мен қосымшаларды қоса алғанда) қаулысына сәйкес спорттық іс-шараларды өткізуге тиым салынады» , - делінген хабарламада.

Бұл жолы біз бірден бес республикалық сайыстың болмайтынын хабарлауға мәжбүрміз:

- Elite санатындағы спортшылар арасында стандартты қашықтықтағы триатлоннан ҚР Ашық Кубогының ІІ кезеңі;

- Elite санатындағы спортшылар арасында суперспринт қашықтығында триатлоннан ҚР Ашық Чемпионаты;

- U15, U17, U19, U23 санатындағы спортшылар арасында суперспринт қашықтығында триатлоннан ҚР Ашық Чемпионаты;

- Көру қабілеті нашар спортшылар арасында суперспринт қашықтығындағы паратриатлоннан ҚР Чемпионаты;

- Pro және Age Group санатындағы спортшылар арасында суперспринт қашықтығында триатлоннан «TEMIRADAM»  Кубогының VI кезеңі.

Тіркеу жарнасын төлеген барлық сайыскерлердің төлемдері www.temiradam.com сайтындағы  виртуалды шоттарына қайтарылатын болады, сонымен қатар мәрегер медельдары мен сайыс қалталары көрсетілген мекен-жайларға жеткізіледі.

Еске сала кетейік, ҚТФ сайыс күнтізбесіндегі Павлодар, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалаларына жоспарланған соңғы сайыстар COVID-19 кесірінен болмады. Алайда Ақтаудағы гранд финал болады деген сенімдеміз, себебі қала басшылығымен алдын ала келісімдер бекітілді. #triathlonorgkz командасы мен спортшылар «Қазақстандық Кона» қашықтығында өз күштерін сынауға мүмкіндік алатын болады.

Барлы өзекті жаңалықтарды www.temiradam.com сайтынан оқыңыздар.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi