Ақтауда ресми баспасөз мәслихаты өтті

21 September 2018

Бүгін Маңғыстау облысы спорт және дене шынықтыру басқармасы, Ұлттық Олимпиадалық Коммитет және ҚТФ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының «TEMIRADAМ» Кубогі финалының ресми баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға қатысқан ресми өкілдер үлкен жарысқа дайындық жұмыстарының жүргізілу барысы жайында сөз қозғап, тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Жарыстың басты техникалық делегаты Сергей Майер еліміздің аймақтарында соның ішінде Маңғыстау облысында триатлонды дамыту мен насихаттау басты мақсатымыз дей келе, Ақтау қаласының үлкен потенциалын ерекше атап өтті. Дұрыс әрі тыңғылықты жұмыс жасалса, Ақтауда жергілікті және халықаралық ауқымдағы триатлон жарыстарын өткізуге әбден болады деген ой білдірді делегат.

- Ақтауда «үлкен тұзды суға» шығатын жол бар», және де қала инфрақұрылымы мен жағымды ауа райы спортшылардың халықаралық жарыстарға дайындалуына оңтайлы жағдайлар жасай алады. Бұл жерде тек отандық қана емес, халықаралық триатлоншылардың назарын аудартатын арнайы оқу-жаттығу орталығын құруға болады. Қала және облыс әкімдігімен қатарласа отырып бұл мәселені жақын арада шешуге үміттіміз,-дейді Сергей Майер.

Еске сала кетейік, 22 қыркүйекте Ақтауда Elite (кәсіпқой) санатындағы спортшылар арасында ҚР Кубогінің финалы өтсе, келесі күні Age Group (әуесқойлар) санатындағы спортшылар арасында «TEMIRADAМ» Кубогінің ақтық сайысы өткізілмек. Сонымен қатар, екінші жарыс күні «TEMIR BALA» және «TEMIR ARU» балалар мен әйелдердің жүгіру жарысы болады.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi