Қарағандыда кездесу өтті

17 July 2018

Қазақстан Республикасының аймақтарындағы триатлонды дамыту бағдарламасы аясында Қарағанды облысының басшылығымен кездесу өтті. Кездесу барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев аймақтағы триатлон даумының динамикасына оң баға беріп, Қарағанды облысы спорт Басқармасының басшысы – 2004 жылғы Афина Олимпиадасының онсайыстан қола жүлдегері Дмитрий Карпов пен облыстық триатлон федерациясының Президенті Дмитрий Машенцевке осы бағытта қарқынды жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 8-9 қыркүйегінде өткізілетін республикалық сайыстарды ұйымдастыруға қатысты сұрақтарға ерекше көңіл бөлуді сұрады. Дүйсебаев А.Ж. аймақтағы салауатты өмір салтын ұстану мен триатлонды әйгілеу жолындағы ортақ атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша облыстағы триатлонның дамуына оң әсерін тигізетін бірнеше тапсырмалар мен міндеттемелер бекітілді. Дәлірек айтқанда, арнайы әрі қолжетімді триатлонмен айналысуға мүмкіндік беретін жаңа инфрақұрылым нысандарын тұрғызу туралы сөз қозғалды. Бұл бастама болашақта кәсіби триатлеттерді тәрбиелеу ісіне үлкен демеу болары сөзсіз.

Айтап айтатын болсақ, өзге де аймақтық федерациялармен қатар, Қарағанды облыстық федерациясы құрылғалы бері облыстағы салауатты өмір салтын ұстану мен триатлонды дамытуға бағытталған көлемді жұмыстар атқарып келеді.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi