САТА-ның үшінші Конгрессі өтті
Бүгін онлайн форматта құрамына Ауғанстан, Иран, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан және Қазақстан секілді бес елдің ұлттық триатлон федерациялары кіретін Орта Азиялық Триатлон Ассоциациясының үшінші Конгрессі (Central Asian Triathlon Association - САТА) өтті.
САТА президенті Ғалымжан Есеновтың басшылығымен өткен конгресске САТА мүшелері – САТА бірінші вице-президенті Чынгыс Алканов, САТА вице-президенті Фаррух Насыров, Иран Ислам Республикасы триатлон федерациясының президенті Махди Гаудзари және САТА бас хатшысы Максим Крят қатысты.
Конгресс қатысушылары жиын барысында өткен маусымның қорытындысын шығарып, алдағы даму жоспарлары мен 2021 жылғы САТА сайыстар күнтізбесін талқыға салды. Делегаттар Тәжікстан триатлон федерациясының САТА құрамына қабылдануына бір ауыздан келісім берді. ҚТФ спорт директоры Сергей Майер САТА Спорт комитетінің төрағасы болып сайланды.
Сонымен қатар дауыс беру арқылы 2021 жылға арналған САТА іс-шаралар күнтізбесі бекітілді. Сонымен қатар, САТА мүшелері спортшылар мен параспортшылар даярлау, жаттығу базаларының желісін ашу және бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу туралы келісімге келді.
«Пандемия біздің еңсемізді түсіре алмағандығын сеніммен айтуға болады. Әрқайсымыз өз аймағымызда триатлонды дамыта, танымал ете отырып, ауызбіршілігімізді жоғалтпай барлық қиындықты жеңіп шықтық. Бүгін осы жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз – ассоциациямыздың құрамына жаңа бір мүшені қабылдап жатырмыз. Тәжікстан ұлттық триатлон федерациясы САТА қатарына кірді», - деді САТА президенті Галимжан Есенов.
«Және де позитивті көңіл-күйімізді жоғалтпай, орта азиалық триатлонға кешенді дамуды қамтамасыз ету дәстүрін жалғастыруымыз қажет. Осы жолда барлық күш-жігерімізді салатынымызға кәміл сенемін».