World Triathlon Кеңесі 2022 жылғы бірнеше сайыстарды бекітті

18 October 2021

World Triathlon Атқару кеңесі 2022 жылы болатын сайыстар күнтізбесін бекітті. Жаңа күнтізбеге сәйкес классикалық додалар ескі орындарында қалғанымен, жаңа қалалар енгізілгені белгілі болды. Жаңа маусым Абу-Дабиде болатын ақтық сайыстармен аяқталмақ. Әлем кубогының он бір кезеңі де расталды. Андорра болса қысқы триатлоннан Әлем чемпионатын қабылдайтын болады.

World Triathlon 2022 жылғы Әлемдік серияның құрамы ретінде бес сайыс бекітілген. Еске сала кетейік, жаңа маусым 2021 жылғы қыркүйекте Гамбургте басталғаеді, жоғарғы деңгейдегі сайыстардың соңғысы келер жылығы қарашада Абу-Дабиде орын алмақ. Жаңа жылдағы Әлемдік серия дәстүрлі түрде мамырда Йокогамада олимпиадалық қашықтықтан басталса, маусымда серия Лидс қаласындағы Раундхей саябағына оралады. Мұнда спринт қашықтығында сайыс болады. Одан кейін серия екі күндік сайыстар болатын Монреальға аттанады. Гамбургтегі спринт сайысы шілдеге жоспарланса, қазанда қытайлық Чэнду қаласында алғаш рет олимпиадалық қашықтықтағы серия кезеңі өткізілмек.

2022 жылы екі бірдей Әлем чемпионаттары ұйымдыстырылмақ: паратриатлон мен триатлон біріншілігіне Абу-Даби иелік етсе, Монреаль қаласында спринт пен эстафетадағы әлем чемпиондары анықталмақ.

Әлем кубогының бірінші кезеңі Норвегиядағы Берген қаласында аялдайды. Олимпиада чемпионы Кристиан Блюмменфельттің жетістігі әлемдік деңгейдегі сайысты алғаш рет ұйымдастырғалы отырған бұл аймақ сайыскерлерді ерекше көңілмен қарсы алары сөзсіз.

Уэльстегі Суонси қаласы тамызда алғаш рет паратриатлоннан Әлемдік серия кезеңін қабылдайды. 2021 жылғы ерекше дебютінің арқасында Андорра ақпан айында қатарынан екінші рет қысқы триатлоннан әлем біріншілігін ұйымдастырады.

«Жаңа күнтізбе көңілімнен шықты. Ол біздің іс-шаралар портфолиомызға әбден лайық. Күнтізбеде әлем бойынша белгіленген классикалық сайыстардан бөлек, паратриатлонға көп көңіл болінген. Бұл бүкіл спортшыларға барын теңдей көрсетуге мүмкіндік береді», —   деді World Triathlon президенті және ХОК мүшесі Марисоль Касадо.

2022 жылғы күнтізбеге жоғарыда айтылғанмен қатар, 30-31  шілдеде Бирмингемде (Ұлыбритания) болатын Одақтастық ойындары, 13-14 тамызда болатын Мюнхендегі Еуропа чемпионаты, қыркүйекте Ханчжоуда болатын Азия ойындары және Бирмингем (АҚШ) шілдеде болатын Бүкіләлем ойындары сынды ірі іс-шаралар енгізілген.

2022 World Triathlon чемпионаттарының Әлемдік сериясы:

  • Қыркүйек 2021 - Гамбург, GER;
  • Қараша 2021 - Абу-Даби, UAE;
  • 14-15 мамыр - Йокогама, JPN;
  • 11-12 маусым - Лидс, GBR;
  • 25-26 маусым - Монреаль, CAN;
  • 9-10 маусым - Гамбург, GER;
  • 22-23 қазан - Чэнду, CHN;
  • Абу-Даби, UAE (Әлемдік серия финалы).

Аралас эстафета:

  • 11-12 маусым - Лидс, UK;
  • 25-26 маусым - Монреаль, CAN – Әлем чемпионаты;
  • 9-10 шілде - Гамбург, GER.

Әлем кубогы:

  • 12-13 наурыз - Миядзаки, JPN;
  • 30 сәуір-1 мамыр - Хэунде, KOR;
  • 7-8 мамыр - Осака, JPN;
  • 28-29 мамыр - Арцакена, ITA;
  • 18-19 маусым - Уатулько, MEX;
  • 27-28 тамыз - Берген, NOR;
  • 3-4 қыркүйек - Валенсия, ESP;
  • 10-11 қыркүйек - Карловы Вары, CZE;
  • 24-25 қыркүйек - Вейхай, CHN;
  • 1-2 қазан - Тхонъён, KOR;
  • 29-30 қазан - Миядзаки, JPN.

Паратриатлон:

  • 14-15 мамыр - Йокогама, JPN – World Triathlon Para Series;
  • 11-12 маусым - Безансон, FRA – World Triathlon Para Cup;
  • 18-19 маусым - Ла-Корунья, ESP – World Triathlon Para Cup;
  • 6-7 тамыз - Суонси, GBR - World Triathlon Para Series;
  • Абу-Даби, UAE - World Championships.

Зимний триатлон:

  • 5-6 ақпан - Андорра, AND – Қысқы триатлоннан Әлем чемпионаты.

Жоғарыда көрсетілген күнтізбеге өзгерістер енгізілуі мүмкін екендігіне назар аударыңыз. Өзге сайыстар туралы ақпарат жуырда жарияланады.

Источник


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi