«TEMIRADAM» Кубогінің алғашқы иегерлері белгілі болды
Қазақстандағы 2018 жылғы триатлон маусымы аяқталды. Өткен жылды қорытындылап, Age Group санатындағы спортшыларымыздың еңбегін бағалайтын уақыт келді. Осы жылы Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен өткізілген барлық жарыстарда еліміздің түпкір-түпкірінен және алыс-жақын шетелден келген 1 885 әуесқой спортшы қатысып үлгерді. Нәтижесінде Орталық Азиядағы әуесқой триатлоншылардың ең үлкен қауымдастықтарының бірі пайда болып, «TEMIRADAM» атты жарыстар сериясының дамуына жол ашты.
2017 жылдың желтоқсан айында өткен ҚТФ Бірінші жыл сайынғы конгресінде Age Group санатындағы спортшылардың өз жастық тобында жеткен жетістіктеріне орай рейтингтік ұпайлар беру жүйесін енгізу туралы шешім қабылданған болатын. Кейінірек, Федерация президенті Мәсімов К.Қ. шешімімен триатлоннан әуесқой спортшылар арасында өткізілетін Қазақстан Респбуликасының Кубогі ресми түрде «TEMIRADAM» Кубогі атауына өзгертілді.
«TEMIRADAM» Кубогінің рейтингтік есебіне кубоктің төрт кезеңі мен Ақтау қаласындағы ақтық сайысы, сонымен қатар, дуатлонды қоса алғандағы түрлі қашықтықтағы республика чемпионаттарында ойнатылған ұпайлар алынды. Жалғыз ғана мақсатты - «TEMIRADAM» Кубогінің иегерлерін анықтауды көздеген аламан дода жолында әрбір жарыстың өз орны мен құндылығы болды. Осылайша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Age Group санатындағы 10 спортшы «TEMIRADAM» Кубогі иегері атанды:
1. Дмитрий Машенцев – Қарағанды облысы - М18-24
2. Айдар Маликов – Алматы – М25-29
3. Мурат Аубакиров – Астана – М30-34
4. Асель Садвокасова – Астана – F35-39
5. Арстан Смагулов – Алматы - М35-39
6. Мурат Касимов – Астана – М40-44
7. Татьяна Прилукова – Қарағанды облысы – F45-49
8. Вадим Шулинов – Астана – М45-49
9. Владимир Михайлов – Ақтөбе облысы – М50-54
10. Бакытжан Бектенов – Алматы облысы – М55-59
Келер жылы жарыстар географиясы кеңіп, олардың түрлері мен саны көбейіп, спортшыларымызды қызыққа толы спорт маусымы күтеді. 2019 жылғы жарыстар күнтізбесімен біздің ақпарат ресурстарымыздан күні ертең-ақ таныса аласыз.