Коста Рикадағы дода

2 March 2020

Кеше Плайя Эрмоса (Коста Рика) қаласында құрлықтық панамерикандық кубок өтті. Триатлон бойынша өткен ерлер арасындағы додада Аргентина, Бермуд аралдары, Венесуэла, Гватемала, Доминикана, Израиль, Ирландия, Қазақстан, Канада, Колумбия, Коста Рика, Литва, Мексика, Панама, Перу, Пуэрто-Рико, АҚШ, Тринидад және Тобаго, Уругвай мен Эквадордан келген 69 кәсіби спортшы қатысты.

Қазақстандықтар арасында 1 сағат 00 минут 17 секунд нәтиже көрсеткен Темірлан Теміров үздік атанды. Мейрлан Ысқақов 36 секундтан кейін мәреге жетіп, 15-ші орын алды. Аян Бейсенбаев техникалық себептерге байланысты мәреге жете алмады.

Ерлер арасындағы «алтынды» американдық Джейсон Уэст (58 минут 57 секунд) алды. «Күмісті» Арам Мишель Пеньафлор Мойсен (59 минут 05 секунд) қанжығасына байлады. Үштікті колумбиялық спортшы Карлос Хавьер Квинчара Фореро (59 минут 19 секунд) тұйықтады.

Әйелдер арасында көштің басын американдық  Рене Томилин (1 сағат 07 минут 42 секунд) пен Мариса Ферранте (1 сағат 07 минут 43 секунд). Қола медалді аргентиналық спортшы Ромина Биаголи (1 сағат 07 минут 53 секунд) жеңіп алды.

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi