Елорданы Азия чемпионаты күтіп тұр!

15 July 2022

23-24 шілдеде Нұр-Сұлтанда триатлоннан U23 және U19 санатындағы спортшылар арасында Азия чемпионаты өтеді. Чемпионат аясында кәсіби және жас тобындағы спортшылар арасындағы «2+1 эстафеталық жарысында» TEMIRADAM кубогының V -ші кезеңі және әуесқойлар арасында 1500 метрге жүзуден «TEMIRADAM Challenge» жарысы өтеді.

Жарыс әлемде триатлонды дамыту мақсатында өткізілуде.

Доданың негізгі мақсаттары:

- Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау;

- Қазақстандық кәсіби спортшылардың, жаттықтырушылар мен төрешілердің шеберлігі мен біліктілік деңгейін арттыру;

- Ең мықты спортшыларды анықтау.

Өткізілетін күні: 23-24 шілде 2022 жыл

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Триатлон саябағы

23 шілде

Жарыстың басталуы – 7:00

Марапаттау рәсімі – 16:30

24 шілде

Жарыстың басталуы – 08:00

Марапаттау рәсімі – 12:30

Сайыстың бас төрешісі: Mr.Byambaa Tsagaanbaatar (Моңғолия)

Байқауды ұйымдастырушылар:

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;

- Қазақстан Республикасының Спортты дамыту дирекциясы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі;

- World Triathlon;

- «Қазақстан триатлон федерациясы» қоғамдық бірлестігі;

- «Nur-Sultan Triathlon Federation» қоғамдық бірлестігі

Шара бас серіктесСпортты қолдау қоры Sport Qory, ERG Group компаниясының қолдауымен өткізілуде
Ақпараттық қолдау: Qazsport, Tengrinews.kz, Vesti.kz және WeProject.Media.
Сусын серіктесі: «Юникс» ЖШС Тассай суымен

 

Анықтамалық ақпарат

Триатлон – қатысушылардың үш кезеңнен: жүзу, велоспорт және жүгіруден тұратын үздіксіз бірізді өтуінен тұратын көпспорттық жарыс болып табылатын спорт түрі, олардың әрқайсысы дербес циклдік спорт түрінен келеді.

Халықаралық деңгейде олимпиадалық триатлон Бүкіләлемдік триатлон (World Triathlon) ұйымымен басқарылады.

 

Контактілер

«Қазақстан триатлон федерациясы» қоғамдық бірлестігі

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53

info@triathlon.org.kz, media@triathlon.org.kz

+7 777 306 77 11


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi