Шымкент триатлоннан ұлттық чемпионатты қабылдайды!

26 April 2022

7 мамырда Шымкентте Триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізіледі.

Триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты – Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен кәсіби триатлоншылар арасында өткізілетін ұлттық турнир.

Суперспринт қашықтығындағы сайыс үш кезеңнен құралады: 300 м жүзу + 8 км велодода + 2 км жүгіру. Еліміздің түрлі аймақтарынан келген 110 астам кәсіпқой спортшы қатысады деп күтілуде.

Сайыстың мақсаты:

  • Қазақстанда триатлонды танымал ету және салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Қазақстандық кәсіби триатлоншылар, бапкерлер мен төрешілердің шеберлігі мен біліктілігін арттыру;
  • Мықты спортшыларды анықтау.

Өткізілетін күні: 7 мамыр 2022 жыл

Орны: Шымкент қаласы, Тұлпар көлі

Басталуы: сағ. 09.00

Марапаттау: сағ. 10.45

Сайыстың бас төрешісі: Михаил Кузнецов (Қазақстан)

Организаторы соревнований: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК, Шымкент қалалық спорт және дене шынықтыру басқармасы, Шымкент қалалық триатлон федерациясы, «Қазақстан Триатлон Федерациясы» қоғамдық бірлестігі.

Іс-шара ERG компаниялар тобы мен Tassay тауар маркасымен «Юникс» ЖШС қолдауымен өткізіледі.

Ақпараттық қолдау: Qazsport, Tengrinews.kz, Vesti.kz пен WeProject.Media.

 

Ақпарат

Триатлон – жүзу, велосайыс пен жүгіруден құралған үш кезеңді үздіксіз бағындырып өтуден тұратын мультиспорттық сайыс. Құрамдас әр кезеңі өз бетінше циклдық спорт түрі болып табылады.

Халықаралық деңгейде олимпиадалық триатлон Бүкіләлемдік триатлон (World Triathlon) ұйымымен басқарылады.

«Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ

010000, г. Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53

info@triathlon.org.kz, media@triathlon.org.kz

+7 777 306 77 11

 БАҚ өкілдері мен фототілшілерді аккредитациялау сілтеме бойынша өткізіледі.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi